Қоғам

Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтіледі: қандай нысандар жабылады

© Sputnik / Абзал КалиевЕлорда көшелері
Елорда көшелері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік базарлары, шаштараз жұмыс істемейді, қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтайды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанда алдағы демалыс күндері карантин қайта күшейтіледі. 22 және 23 тамызда қандай шектеулер күшіне енетінін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Қазақстанда 17 тамыздан бастап қатаң карантин жеңілдетілген болатын. Сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар, сауда үйлері ашылып, шаштараз,  фитнес орталықтары, сұлулық салондары жұмыс істей бастады. Бірақ, үкімет эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шараларын сақтауды жөн көрді. Бұл туралы елдің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған. 

Қатаң режимдегі демалыс

Алдағы сенбі-жексенбі қандай нысандар жабылады:

  • сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары (олардың ішіндегі супермаркеттер мен дәріханалар жұмыс істей береді);
  • жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;
  • сұлулық салондары, шаштараз, спа-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар;
  • фитнес орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары;
  • қоғамдық моншалар мен сауналар;
  • балалар және ересектер білім беру орталықтары, коррекциялық кабинеттер;
  • даладағы аттракциондар.

Сонымен қатар, демалыс күндері 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі. Қоғамдық көліктің қозғалысына да шектеу енгізіледі.

Ал Алматы тұрғындарына демалыста ұлттық саябақтарға баруға және тауға шығуға тыйым салынды.

Қандай шектеу сақталады

Жұмыс күндеріндегі карантиндік шектеулер демалыста да өз күшінде қалады.

Атап айтқанда, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кейбір кәсіпкерлерге 42 500 теңгені тағы да төлеу ұсынылды

Караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық нысандағы аттракциондар мен балалар ойын алаңдары, батуттар, кинотеатрлар, театрлар, музейлер, букмекер кеңселері сол күйі жабық болады.

Балалар сауықтыру лагерлері, кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, бассейндер, қалалық қоғамдық жағажайлар мен ашық аквапарктер жабық болады.

Жаңалықтар
0