Шарын шатқалы

Тоқаев Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жоспарымен танысты

197
(Жаңартылды 12:59 22.08.2020)
Мағзұм Мырзағалиев президентке "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасының әзірленіп жатқаны туралы ақпарат берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің саладағы атқарылып жатқан жұмыстарының есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорда.

Мағзұм Мырзағалиев мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамытудың жоспарын ұсынды. Жоспарды іске асыру арқылы экологиялық туризм саласына 70 миллиард теңгеге дейін жеке инвестицияларды тартуға, 4 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

"Қазақтың қонақжайлығы аздық етеді": Қазақстанға туристер неге аз келеді?

Президент ұлттық парктердің әлеуетін нығайтуды міндеттеп, экологиялық туризмді ілгерілету жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Балық шаруашылығын дамыту

Президентке елімізде балық шаруашылығын дамыту перспективалары туралы баяндалды. Министрдің дерегіне сүйенсек, 2019 жылы балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құраған. Оның ішінде балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мың тонна, балық импорты – 43,5 мың тонна, экспорты – 30 мың тоннаға жеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, елдегі суқоймаларда жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге мүмкіндік бар.

Мемлекет басшысы қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін айтты. Министрлікке барлық облыстармен бірлесе отырып, осы жылдың қараша айына дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекіту тапсырылды.

Кездесуде өңірлердегі экологиялық жағдайға ерекше мән берілді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қоғаммен бірлесе отырып Алматы, Теміртау қалаларының және Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі жол карталары әзірленген.

Президент нақты индикаторларды анықтай отырып, еліміздің өңірлеріндегі экология мен атмосфералық ауаны жақсарту бойынша белсенді әрі тиімді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Жануарларды қорғау туралы заң

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасының әзірленіп жатқаны туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысы әсіресе өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бұл құжаттың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттасу барысында геологиялық барлау саласының мәселелері қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның назардан тыс қалған және келешегі бар бассейндерін зерттеуге және оларды игеру мақсатында инвестиция тартуға күш жұмылдыру қажеттігі туралы айтты.

Мағзұм Мырзағалиев бұдан басқа өңірлерде суарылатын жерлерді енгізу және жаңа суқоймаларының құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы айтты. Мемлекет басшысы суарылатын жерлерді енгізу бойынша жүргізіліп отырған жұмысқа жақсы баға беріп, су үнемдейтін технологияларға және су саласын цифрландыруға жеделдетіп өтуді тапсырды.

197
Кілт сөздер:
Қазақстан, туризм
Тақырып бойынша
Премьер-министр Мамин президент тапсырмасымен Алматы облысын аралады - видео
BURABAY: демалыс орнында жаңа нысан пайда болды
Тіпті мұндай Түркияда жоқ: Назарбаев Қазақстанның үздік курорттарын атады
Назарбаев: Алакөл Қазақстанда ең көп демалушы баратын жерге айналуы керек
Биыл жазда қайда демалуға болады – Назарбаев кеңес береді
Тоқаев: Мұнайға ғана сеніп, өмір сүруге болмайды
Nur Otan партиясының ғимараты

Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады

47
Ондаған партия мүшесі бір телефон нөмірімен тіркелгені белгілі болды. Ал басқа азаматтар белгіленген мерзімнен кейін партия қатарына кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Nur Otan" партиясының орталық аппараты Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мүшелерді қабылдау кезінде тәртіп бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

"Nur Otan" орталық аппараты партияның жаңадан қабылданған мүшелері мен "Праймериз" ақпараттық жүйесінде тіркеуден өткендерге талдау жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді 

Осылайша, кезекті тексеру барысында елордада "Азия Орталық Снаб" ЖШС бастауыш партия ұйымы қабылдаған 2466 жаңа партия мүшесінің есептік мәліметтері расталмады. 11 қыркүйектен 4 қазанға дейін партияға қабылдау тоқтатылғанына қарамастан, 12-17 қыркүйек аралығында азаматтар партия қатарына қабылданған.

Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцевтің пікірінше, бұл – өрескел тәртіп бұзушылық. Партияға кейбір "қажетті" кандидаттарға дауыс беруді ұйымдастыру үшін өздерінің бір сәттік мәселелерін шешетіндер, жай ғана қара көбейтетіндер қажет емес.

"Сондықтан дауыс беру кезінде бұрмалауды болдырмау үшін праймериз кезеңінде партияға қабылдау тоқтатылды. Осы фактілерді ескере отырып, партияның астаналық филиалы "Азия Орталық Снаб" ЖШС БПҰ-дағы барлық партия мүшелерінің деректерін салыстырып, тексеруі тиіс", – деп мәлімдеді Казанцев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, партиялық бақылау комитетінің тексерісі барысында партия мүшелерін бір телефон нөмірімен тіркеу деректері анықталды.

Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында "Білім Бурабай" және "Бірлік Бурабай" БПҰ-да партияның 105 мүшесінің бір телефон нөмірі бар. Ал Қарағанды облысының Балқаш қаласында "Ардагер", "Гүлдер", "Балқаш станциясы" және "Шипагер" БПҰ-да бір телефон нөмірінің иелері 279 адам болды.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақтық және аумақтық партиялық бақылау комиссияларына барлық айқындалған фактіні анықтап, кінәлілерді жазалау тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде онлайн дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы растау (верификация) жүйесі (интернет-банкинг үлгісі бойынша жеке тұлғаны анықтау) қолданылатынын айтқан болатын.

Партияның баспасөз қызметі барлық тәртіп бұзушылық деректері бойынша 8 (800) 080 4441 "жедел желіге" (қоңырау шалу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына  хабарласуға болатынын атап өтті.

47
Тақырып бойынша
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Бауыржан Байбек Елбасының шешімін жария етті
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді

743
(Жаңартылды 18:43 25.09.2020)
Мемлекет басшысы шын мәнінде өлім жазасы Қазақстанда болмағандықтан, елдің негізгі заңына өзгеріс енгізудің қажеті жоқ екенін баса айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді.  

Тоқаев өлім жазасынан бас тарту туралы екінші факультативті хаттамаға қосылу Конституцияға толық сәйкес келетіндігін атап өтті.

"Негізгі заңға ешқандай өзгерту енгізудің қажеті жоқ, өйткені өлім жазасы біздің тұңғыш президентіміз жариялаған мораторийде қарастырылған және шын мәнінде өлім жазасы біздің елде жоқ", - деді президент.  

Айта кетейік, 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қол қойды.

2003 жылы президент бұл жазаны қолдануға мерзімсіз мораторий енгізген болатын.   

743
Кілт сөздер:
өлім жазасы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
"Жала жабу" қылмыс қатарынан шығарылады – Тоқаев
Иранда қылмыскердің қолын шапты  
Он бір жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Диктофон

Релизден бас тарту керек кәсіби PR маманының лайфхактары

0
SputnikPro сарапшысы онлайнды дамыту, ерекшеленуден қорықпау, адамдарға сену – БАҚ-ты алға жылжытудың негізгі ерекшелігі екенін айтады  

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы баспасөз қызметінің жетекшісі Анна Старкова көрші елдердің журналистеріне неліктен релиз жазудан бас тарту керектігін айтып берді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары іс-шараның ақпараттық серіктесі бола отырып, өзінің логотипін түрлі алаңдарда орналастыратын. Пандемия кезінде жағдай өзгерді. Өзін-өзі таныту үшін медиа топтың баспасөз қызметі ерекше кейстерді ойластыра бастаған.

Сарапшының бірінші ұсынысы: стандартты релиздерді жазу тәжірибесінен бас тарту.

"Адамдармен оларға түсінікті тілде сөйлесу керек. Кері байланыс орната бастасаңыз, ол нарықтың ойыншысы болсаңыз, сізді тыңдайды, сізге келіп, оқи бастайды", - деп санайды Старкова.

Сарапшының келесі кеңесі – бұқаралық ақпарат құралдары онлайнды ғана дамытпау керек.

"Мұны пандемия кезінде істей бастадық. Біз барлығы дерлік интернетті қолданатын әлемде өмір сүріп жатырмыз", - деп атап өтті маман.

Қазір, оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі анонимділік танымал болудан қалып барады.

"Бізді ("РИА Новости" ХАА Телеграм каналы) оқи бастады, өйткені РИА Новости, мысалы, Лукашенконың инаугурациясында не болғанын айтты. Сол кезде ол жаңалыққа айналады, бұл тексерілген ақпарат. Шын мәнінде болған нәрсе, сыбыс емес", - деп атап өтті Старкова.  

Сарапшының тағы бір ұсынысы – ерекшеленуден қорықпау. Баспасөз қызметі пандемия жағдайында "трендтерді қарап, оларды батыл түрде пайдаланған".

"Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдарға сенім арту керек, өйткені ең алдымен біреумен араласуың керек. Оларды алға жылжытуың керек, нәтижесінде сіздің брендіңіз алға жылжиды", - деп сендірді Старкова.

Кәсіби PR маманының бесінші кеңесі – дос болу.

"Бұл, шынын айтқанда, ең маңызды кеңес. Басқа ақпарат құралдарымен, баспасөз қызметтерімен, тіпті бәсекелестермен де достасу керек. Кофеге шақырыңыз, бранчи жасаңыз, лайфхактармен бөлісіңіз. Бұл бәріне қатысты", - деп есептейді ол.  

SputnikPro білім беру жобасының жиырма бірінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

0