Қоғам

Тоқаев Аюбаевты қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұхтар Аюбаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне 2019 жылдың маусымында тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Мұхтар Аюбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елшіні қызметінен босатты

Мұхтар Аюбаев туралы не білеміз?

Мұхтар Аюбаев 1959 жылы 22 тамызда Алматы облысындағы Енбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында туған.

1976 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген.

1984 жылдан бастап мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеді.

1995-1999 жылдары Қазақстан президентінің күзет қызметінде әртүрлі офицерлік басшылық қызмет атқарды.

2004 жылы Қазақстан Республикалық Ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

2006-2013 жылдары Қазақстан президенті күзет қызметінің бастығы болды.

2013 жылдан – Қазақстан Республикалық Ұланының қолбасшысы.

2014 жылдың сәуірінде Қазақстан мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – объектілерді қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2019 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметін атқарды.

Қазақстан президенті күзет қызметінің құрметті қызметкері. Алматы облысының құрметті азаматы.

ІІ дәрежелі "Айбын" және "Даңқ" ордендерімен, "Елбасы қорғаны" төсбелгісімен, 21 медальмен марапатталған.

Жаңалықтар
0