Қоғам

Польшада "Dimash" pадиосы жұмыс істей бастады

© Photo : dimashnews.comКонцерт Димаша Кудайбергена в Риге
Концерт Димаша Кудайбергена в Риге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Радио эфирінен тақырыптық музыкалар мен арнайы репортаждар, авторлық бағдарламалар беріліп, тыңдаушылардың қатысуымен тікелей байланыс орнатылады деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Әнші Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері RadioDimash.pl радиосын ашты. Бұл туралы Димаштың Facebook-тегі "Dimash Kudaibergen Fan Club Poland" фан-клуб парақшасында арнайы жазба жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз. Бұл ресми түрде тіркелген хабар тарату станциясы, ол жерде қойылатын әндердің авторы мен орындаушыларына қаламақы төленеді. RadioDimash.pl-дің мақсаты – Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау", – делінген жазбада.

RadioDimash.pl-дің хабар тарату студиясы бар. Ол жерде қандай бағдарлама болатыны жоспарланып, кесте құрылады. Сондай-ақ, онлайн хабар тарататын және бағдарлама шығаратын студиядада тақырыптық музыкалар, репортаж, сұхбаттар мен әдеби және туризм бағытындағы бағдарламалар, ересектер мен балаларға арналған авторлық бағдарламалар және тыңдаушылардың қатысуымен тікелей эфирлер ұсынылады деп жоспарланған. 

"Радио эфирінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың фан-клубтарымен байланыс орнатып, бірге жұмыс істеуді мақсат етеміз. Димаштың бағытына жақын польшалық және шетелдік әншілерге де орын табылады. Десек те, негізгі басымдық Димаштың әндеріне ден қойылады. Біз Димаштың концерті Польшада да өткенін армандаймыз", – деп жазылған фан-клуб парақшасында.

Мұндай жаңалықтан хабардар болған Димаш Құдайбергеннің өзі де Іnstagram желісінде қуанышымен бөлісіп, алғысын білдірді. 

"Польшада "Dimash" pадиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің жанкүйерлерім. Менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын. Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жатырсыздар. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз", – деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Нью-Йоркке ұшып келген Димаш Құдайберген күтпеген жағдайға тап болды - видео

Жаңалықтар
0