Қылмыстық кодекс

Алматы әкімі орынбасарының мәлімдемесін полиция тексеретін болды

907
Бұған дейін қоғам белсендісінің полицияға жазған арызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілген болатын. Ал олар Қылмыстық-процестік кодекске сүйене отырып, істі кері қайтарған

АЛМАТЫ, 25 тамыз — Sputnik. Қоғам белсендісі Светлана Дружинина Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевты жалған ақпарат таратты деп айыптады. Шілденің ортасында Тұяқбаев қала дәріханаларында дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін, көпшіліктің осы тақырыптан "хайп" жасап отырғанын мәлімдеді.

Қоғам белсендісі полицияға арыз жазғанымен, полиция бұл істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істі полицияға кері қайтарды. Себебі, жалған ақпарат тарату бабы бойынша тергеуді ішкі істер министрлігі жүргізеді. Қылмыстық-процестік кодексте осылай көрсетілген.

"Берілген ақпаратқа сай, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал Алматы қаласы полиция департаментіне қайтарылады", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қоғам белсендісіне ұсынған құжатында.

Әлеуметтік желіде "хайп" жасайды

Айта кетейік, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 13 шілдеде брифинг барысында қаладағы қоймаларда жеткілікті дәрі қоры бар екенін, дәріханаларда дәрі-дәрмек жетпеген жағдайда, олар қысқа мерзімде жөнелтілетінін айтты.

"Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде осы тақырыптан "хайп" жасап отырғандар бар. Біз дәрі-дәрмекті жеткізу көлемін шектеп жатқан жоқпыз. Барлығына жіберіп отырмыз", – деді Тұяқбаев.

Шенеуніктің осы сөзінен кейін қоғам белсендісі Светлана Дружинина дәріханаларды аралап, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін препараттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Қажетті дәрілер табылмағандықтан, ол шенеуніктің сөзін жоққа шығарды.

23 шілдеде Дружинина полицияға арыз жазып, Сапарбек Тұяқбаевты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартуды талап еткен. Артынан Дружинина әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялап, құқық қорғаушылар оның арызын сотқа дейінгі тергеу шараларының бірыңғай реестріне енгізбей жүргенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: "Жалған ақпарат": министр 13,5 млрд доллар туралы жазған блогерлерге жауап берді

18 тамызда Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов қоғам белсендісі жазған арыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілетінін айтты.

907
Кілт сөздер:
шенеунік, Алматы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
Жерді қытайлар басып алды деп жалған ақпарат таратқан Астана тұрғыны сотталды
Түркістан облысында бесем туды деген ақпарат жалған болып шықты
Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы
Жаңа ту бекітілді деген ақпарат жалған – Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Жалған ақпарат тарату үшін көбінесе "аналар" чаттары қолданылады – SputnikPro сарапшысы
Айзат Молдағасымова

Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды

626
Молдағасымова Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы қызметінен төрт айдан кейін босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарған Айзат Молдағасымова тағайындалғаннан кейін төрт ай өткен соң жұмыстан босатылды.

Денсаулық сақтау министрлігі ол осы уақыттың басым бөлігінде жұмыста болмағанын хабарлады.

Сынақ мерзімінен өтпеуіне байланысты оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа 14 қыркүйекте қол қойылды, деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігі.

"Айзат Молдағасымова 2020 жылдың 3 маусымында қойылған міндеттерді тиімді орындау мақсатында Жұматов атындағы гигиена ғылыми орталығының директоры қызметіне қабылданды. Алайда ол уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алып, 1 шілде мен 14 қыркүйек аралығында жұмыста болмады. 14 қыркүйектен бастап сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты онымен еңбек шарты тоқтатылды", - деп  түсіндірді ұлттық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров.

Оның айтуынша, онымен еңбек шарты сынақ мерзімі кезінде нашар жұмыс істеуіне байланысты бұзылған.

Оқи отырыңыз: Алматының бас санитары дәрігерлердің қалай ауру жұқтырғанын айтты 

Айзат Молдағасымова бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Оның кезінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды. Қаланың бас санитары бұған дәрігерлердің  қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Алайда ақхалаттылар Молдағасымованы жала жапты деп айыптап, президенттің атына хат жазды.

Осы жағдайдан кейін, 18 сәуірде Айзат Молдағасымова қызметінен кетті, оның орнына Жандарбек Бекшин тағайындалды.  

626
Тақырып бойынша
Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті
Алматының бас санитары 12 дәрігерден коронавирус табылғаннан кейін мәлімдеме жасады
Алматыда коронавирус табылған дәрігерлер 300-ден аса адаммен байланыста болған
Жандарбек Бекшин жаңа қызметке тағайындалды
Қабан, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан қаласына жабайы қабандар кіріп кетті видео

149
Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Елорда тұрғындары түнде қалада жүрген бірнеше жабайы қабанды видеоға түсіріп алды. Қазір экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлардың Нұр-Сұлтанға қалай кіріп кеткенін анықтап жатыр.

Қаланың орталық даңғылында жүрген қабандар жайлы видеоны Instagram желісіне zhaloby_astana паблигінің қолданушылары жариялады. Видеодан топтасқан жануарлардың жол бойымен жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Автордың айтуынша, бұл Тұран даңғылында "Астана Арена" стадионының жанында болған.

Елорда тұрғындары Нұр-Сұлтанға жабайы қабандар қайдан келгенін біле алмай дал.

Sputnik Қазақстан экология министрлігінен жағдайды түсіндіруді сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатқанын хабарлады.  

149
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх Англияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

0
(Жаңартылды 21:36 21.09.2020)
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

0
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты