Қоғам

Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневВывеска партии Nur Otan на здании, архивное фото
Вывеска партии Nur Otan  на здании, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Партияішілік іріктеуге қатысушылар маска, қолғап, зарарсыздандыру құралдарын пайдалануға, кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және басқа да сақтық шараларын ұстануға міндетті   

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Nur Otan партиясы праймериз өткізу кезіндегі санитарлық нормаларды белгіледі.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлағандай, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетовамен бірге праймериз өткізу кезінде арнайы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар енгізу туралы қаулы қабылданды.

"Бәріміз үшін ең алдымен азаматтарымыздың денсаулығы мен амандығы маңызды", - деп жазды Байбек Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, талаптарды барлық ұйымдастыру комитеттері, кандидаттар мен дауыс берушілер басшылыққа алуы тиіс.  

Nur Otan праймеризінің санитарлық нормалары

  • Партияішілік іріктеуге қатысушылар маскаларды, қолғаптарды, зарарсыздандыру құралдарын пайдалануға, кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, қол алысып амандаспауға және басқа да сақтық шараларын ұстануға міндетті;
  • Барлық іске қосылған үй-жайларда санитайзерлердің, байланыссыз термометрлердің қажетті мөлшері қамтамасыз етіледі, зарарсыздандырғыш құралдар пайдаланыла отырып, тұрақты түрде ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі және кемінде тәулігіне 2 рет желдетіледі;
  • Үгіт барысында флаерлар мен буклеттерді тек маска тағып, қолғап киіп қана тарату қажет;
  • Кандидаттардың партия мүшелерімен кездесулері әлеуметтік желілерде бейнеконференция арқылы, ашық алаңдарда немесе желдетілетін үй-жайларда қатысушылар арасындағы қашықтықты сақтап, маска таға отырып өтуі мүмкін;
  • Кандидаттардың жария дебаттары 1224 объектіде онлайн-форматта және әлеуметтік аралықты сақтай отырып өткізілуі тиіс;
  • 2545 дауыс беру учаскесінде кабиналар мен урналар, сондай-ақ бюллетеньдерді беру орындары бір бірінен кемінде екі метр арақашықтықта болуы тиіс.

Бауыржан Байбек сондай-ақ "Праймериз" ақпараттық жүйесі партияішілік іріктеудің барлық кезеңін өткізуге, оның ішінде тіркеуді, үгітті және дауыс беруді онлайн режимді өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың қатысуымен өтетін үлкен жиын тағы да кейінге қалдырылды 

Бүгінгі күні праймеризге қатысуға 7670 азамат өтініш берді. Олардың 34% - әйелдер, 24,1% - 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдары 2631 адамды ұсынса, 5039 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар.

Тіркеу осы аптаның соңына дейін жалғасады. 7 қыркүйектен бастап үміткерлердің үгіт жұмысы басталады, оның ішінде жария пікірсайыстар – 14-30 қыркүйек аралығында болады.

Жаңалықтар
0