Қоғам

Елорда әкімдігі грант иегерлерінің тізімін жариялады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСтудентка в библиотеке
Студентка в библиотеке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда жергілікті бюджет есебінен 458 грант бөлінген болатын, екі университетте тегін оқу мүмкіндігін алған талапкерлердің тізімі шықты

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Елорда әкімдігі жергілікті бюджет есебінен тағайындалған білім беру грантының иегерлерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджет қаражатынан жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау туралы мемлекеттік білім беру тапсырысын алған Астана халықаралық университеті мен "Нұр-Мүбарак" оқу орнының өтініштеріне сәйкес үміткерлердің тізімдерін қарады", - делінген ресми хабарламада.

Грант иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады. Жергілікті бюджет есебінен 458 грант бөлінген болатын.

Айта кеткен жөн, "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетіне "Теология", "Дінтану" мен "Исламтану" бойынша 13 грант бөлінсе, қалғаны Астана халықаралық университетіне "Педагогика мен психология", "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Педагогика және бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі", "Информатика", "Биология", "Химия", "География", "Физика", "Математика", "Гуманитарлық пән бойынша мұғалімдерді даярлау", "Шет тілі пәні мұғалімдерін даярлау" мен "Орыс тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдерін даярлау" мамандықтарына берілді.

Жалпы, биыл республика бойынша 2 540 әкімдік гранты бөлінді.

Биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + медицина мамандығына 2700) қазақстандық талапкер бакалавриат деңгейінде мемлекет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды.

2020-2021 оқу жылында "Ақпараттық технологиялар" мамандығына ең көп грант бөлінді – 2 468. Бүгінгі таңда болашақ IT мамандары еліміздің 49 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.

Магистратураға 13 300 грант, докторантураға 2 355 білім гранты бөлінді.

2020 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған болатын.

Жаңалықтар
0