Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 17 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневҚорғаныш костюмін киген дәрігер
Қорғаныш костюмін киген дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші тамыздан бері пневмонияға шалдыққан науқастар саны 23 мың адамнан асты, 105 мың адам коронавирус жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирустан он адам, ал пневмониядан жеті науқас көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте вирустық пневмонияға шалдыққан 781 адам тіркелді, 7 пациент қайтыс болды. 351 адам емделіп шықты.

Жалпы 1 тамыздан бері пневмониямен ауырған науқастар саны 23 543 адамға жетті. Барлығы 263 адам көз жұмды.

Ал өткен тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 49 бала бар. Стационарларда  4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Науқастардың арасында 305 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 56 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 47 науқас жасанды тыныс алдырту  аппаратына қосылған.

Жалпы республика бойынша 105 075 адам індетке шалдықты.

Жаңалықтар
0