Қоғам

Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайды. Бұл туралы РИА Новости "Синергия" университеті IT институтының директорына сілтеме жасап хабарлады.

Жеке мәліметтерді қорғау үшін оларды дер кезінде жойып отыру керек екені айтылды.

Сарапшы алаяқтар, әсіресе, жеке кабинетке кіруге арналған бірреттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, маман құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігін ескертті. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Тағы оқыңыз: Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты

Жаңалықтар
0