Архивтегі фото

Коронавирустың екінші толқыны қашан басталады ұлттық орталық болжам жасады

8353
Індеттің екінші толқыны шамамен желтоқсанға жақын уақытта басталуы мүмкін, деп болжады ғалым Бауыржан Жүсіпов

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы коронавирустың екінші толқынына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, Қазақстан маусым-шілде айларында коронавирустың шарықтау шегінен өтті. Бұл алғашқы әрі негізгі толқын болды. Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі біраз тәжірибе жинаған. Сондықтан вирустың екінші толқыны қатты қарқын алмайды.   

"Коронавирустың екінші толқыны шамамен желтоқсанға жақын уақытта басталады. Қыркүйек мен қазанда тыныш болады. Ал қараша айында алғашқы белгілер көрінуі мүмкін", - деді Жүсіпов "Ғалымдар Aлаңы" онлайн жобасының пікірталас алаңында.

Ғалымның ойынша, бетперде кию мен арақашықтық сақтау сияқты санитарлық нормалар сақталса, коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін.

"Халықтың 20-30 проценті ауырып шыққан шығар деп отырмыз ғой. Оған қоса, адамдардың 95 проценті бетперде тағып жүрсе, жаңа жылға дейін коронавирустың екінші толқынын көрмеуіміз де мүмкін", - деп атап өтті Жүсіпов.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирусқа шалдыққан тұрғындарға 50 мың теңгеден берілмек 

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде республика бойынша 173 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, COVID-19-ға шалдыққандардың саны 105 075 адамға жетті. Коронавирустан 1 523 науқас көз жұмды.

Бұдан бөлек, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 23 543 науқас анықталды. Ондай диагнозбен 268 адам қайтыс болды.

8353
Кілт сөздер:
ғалым, болжам, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1523)
Тақырып бойынша
"Нағыз тозақ": вирусты қайта жұқтырған қыз аурудың қорқынышты белгілері туралы айтты
Жапониялық мамандар коронавирустың үшінші толқыны болатынын ескертті
Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
Кавасаки синдромы коронавирустың асқынған түрі ме - ғалым жауап берді
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

9
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

9
Кілт сөздер:
журналистика
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

90
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

90
Кілт сөздер:
ет, видео, бала