Ақжарқын Тұрлыбай (ортада) және адвокат Сұңқар Нұрмағанбетов (сол жақта)

Ақжарқын Тұрлыбайға кесілген үкім өзгеріссіз қалды: енді қайтпек керек?

3231
(Жаңартылды 13:31 27.08.2020)
Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімшартқа сәйкес, Ақжарқын жазасын Қазақстанда өтеу үшін жазбаша келісім беруі керек

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруға болады. Бұл туралы қазақ қызының адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.       

2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасы үшін айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланған болатын. Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтерді

Қорғаушы тарап үкімге қарсы шағым түсірді. Алайда таяуда апелляциялық инстанция сот үкімін тағы да өзгеріссіз қалдырды. Енді қорғаушылар мен Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы Ақжарқынды Қазақстанға қайтару жолдарын қарастырып жатыр.

"Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған және 2015 жылы заңды күшіне енген келісімге сәйкес, үкімді орындау үшін ҚХР құзыретінен Қазақстан Республикасына беру әдісін Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қолдануға болады", - дейді Сұңқар Нұрмағамбетов.   

Осы келісімнің 4-бабының ережесіне сәйкес, сотталушы жазасын өз елінде өтеу үшін жазбаша келісім беруі керек.  

"Ақжарқынды Қазақстанға қашан беретінін қорғаушы тарап нақты білмейді, бірақ елге ертерек оралуына мүдделіміз", - деп түйіндеді Ақжарқынның адвокаты.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

2019 жылы Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерген болатын.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметіне сүйенсек, Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Сонымен қатар, көркем әдебиет оқиды, дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

3231
Кілт сөздер:
Ақжарқын Тұрлыбай
Тақырып бойынша
Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды елге қалай қайтаруға болатынын айтты
Ақжарқын Тұрлыбай амнистияға ілігуі мүмкін – бас прокуратура
Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарғаннан кейін 15 жылға соттауы мүмкін – адвокат
Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты
Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды
Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты ақпарат жариялады
Бурабай

Бурабай мен Көк Жайлаудағы жердің бір бөлігі қайтарылады Тоқаев заңға қол қойды

71
Туризм инфрақұрылымын салуға бөлінген, алайда мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заң Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай және Көк Жайлау табиғи парктері жерлерінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты 

"Өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және қайтарылған жер учаскелерінде орналасқан табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен нысандарын сақтау қажеттілігінен туындады", - деп түсіндірді бұған дейін мәжілісмен Роман Ким сенат қабырғасында заң жобасын таныстыра отырып.

Заң нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді. 

71
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Көк Жайлау" курорты, Бурабай
Тақырып бойынша
"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді
Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады
Архивтегі фото

Еуразиялық патенттік ұйым Төрегелді Шармановқа алтын медаль табыстады

42
Патенттік ұйымның алтын медалі өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады, деп хабарлады әділет министрлігінің аспасөз қызметі.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University В.И. Блинников атындағы алтын медалмен марапатталды.

Мұндай шешім Еуразиялық патенттік ұйым әкімшілік кеңесінің 36 отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласы әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Айта кетейік, В.И. Блинников атындағы алтын медаль Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін маңызды өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

42
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті