Қоғам

Аймағамбетов орынбасарлары тергеуге алынды деген ақпаратқа түсініктеме берді   

© Photo : Служба центральных коммуникацийАсхат Аймагамбетов
Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында "5 миллиард теңгені жымқырғаны үшін білім вице-министрі ұсталды" деген ақпарат тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз орынбасарының тергеуге алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратты нақтылап беруді сұрады. Атап айтқанда, 21 шілде күні агенттік білім және ғылым министрлігінде істейтін жоғары лауазымды тұлғалардың ұсталғанын мәлімдеген. Алайда шенеуніктердің аты-жөні аталмады. 

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында "5 миллиард теңгені жымқырғаны үшін вице-министр Рүстем Биғари айыпталып отыр" деген ақпарат тараған болатын. Осы мәліметті растай аласыз ба? Әлде, басқа орынбасарыңыз тергеуге алынды ма?", - деді тілшілер.

Министр Аймағамбетов нақты ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен алуға кеңес берді. Дегенмен, өз орынбасарларының бәрі жұмыста екенін жеткізді.  

"Менің барлық орынбасарым жұмыста. Рүстем Айдарбекұлына (Биғари) қатысты мұндай ақпарат естіген жоқпын. Сосын кінәсіздік презумпциясының бар екенін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан орынбасарларының біреуін атап, болжам жасаған да қиын. Өйткені іскерлік атақ-абырой мәселесі бар. Егер нақтыланған ақпарат болса, онда ашық айтуға болады", - деді    

Министрдің айтуынша, құзіретті мемлекеттік органнан тергеуге қатысты ескерту қағазы түскен жоқ.

Жаңалықтар
0