Дәрігерлер

Коронавирустан кейін елде туберкулез жайлап кетуі мүмкін

3459
(Жаңартылды 09:29 28.08.2020)
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, туберкулездің көбеюіне адамдардың әлсіз иммунитеті себеп болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Көкшетауда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға қатысушылар коронавирус індетінен кейін елде туберкулез жайлап кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24 хабар.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға аймақ дәрігерлерімен қатар, осы саланың республикаға белгілі мамандары онлайн режимде қатысты.

Ал конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, туберкулездің көбеюіне адамдардың әлсіз иммунитеті себеп болуы мүмкін. Өйткені, қазір көп адам жұмыссыз болғандықтан, тиісті тамақ пен қажетті витаминдерді уақытында тұтына алмайды.

Әсіресе, тұрақты мекен-жайы жоқ, далада түнеп жүрген үйсіз-күйсіз жандардың жағдайы өте қиын. Сондықтан да оларды қазірден бастап қамқорлыққа алу қажет.

"Мүмкін қолданыстағы заңнаманы өзгерту керек шығар. Әлде, үй-күйі жоқ жандарды қамқорлыққа алу үшін бөлек заң шығару қажет болар. Не де болса осы салаға жіті көңіл бөлуіміз керек. Себебі, ауруға алдымен солар шалдығуы мүмкін", – дейді ҚКХП Ақмола облыстық филиалының бірінші хатшысы Олжас Сыздықов.

Аталған аурудың алдын алуды көздеген "Игілік" қоғамдық қоры мен Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері жиында айтылған мәселелер үкіметтік деңгейде көтеріледі деп сенім артады.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар қандай қан тобындағы адамдар коронавирустан жиі көз жұматынын анықтады

3459
Кілт сөздер:
Көкшетау, туберкулез, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1543)
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Коронавирус жұқтырған 500 медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды
Қытайда тауық етінен коронавирус анықталып жатыр
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны азайып келеді 
Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды
Бала

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

81
Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.

Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.

81
Кілт сөздер:
балалар, Нұр-Сұлтан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады

Тоқаев БҚО әкімінің алдына бірқатар міндет қойды

17
(Жаңартылды 15:46 29.09.2020)
Президент етті мал шаруашылығын дамыту, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру бойынша облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Есқалиев Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Президент Батыс Қазақстан облысының әкіміне үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруды, сонымен қатар, аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды.

17
Кілт сөздер:
әкім, Батыс Қазақстан облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды