Полиция автокөлігі

Көкшетауда 13 жастағы қыз жоғалды: полиция жауап алған ер адам өз-өзіне қол жұмсады

1218
Марқұмның туыстары мен көршілері полицияны ер адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп айыптап отыр. Көкшетау әкімі істі жеке бақылауына алды

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр ауылының 30 жастағы тұрғыны өзіне қол салды. Жақында полиция 13 жастағы Әйгерім Хайдарованың із-түссіз жоғалуына байланысты одан куәгер ретінде жауап алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"27 тамызда Көкшетаудың полиция басқармасына Красный Яр ауылының 30 жастағы тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бірінші тармағы бойынша (өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу) сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.

Айтуынша, 13 жастағы қызды іздеу барысында 200-ден аса куәгерден жауап алынды.

"Соның ішінде аталған азамат та бар. Оның көлігі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция жауап алғаннан кейін, куәгер анасымен бірге үйіне қайтты. Әйел ұлын полиция басқармасының ғимаратындағы дәлізде күтіп отырған", - деп түсіндірді Пинчук.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу бастады.

"Қылмыстық істі тергеу барысы Ақмола облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп атап өтті баспасөз қызметінің жетекшісі.

В Акмолинской области пропала 13-летняя Айгерим Хайдарова
© Photo : Листовка волонтеров
Ақмола облысында он үш жастағы Әйгерім Хайдарова жоғалды

Көкшетау әкімі Амангелді Смайылов та істі жеке бақылауына алды. Қалалық әкімдік Красный Яр ауылында әкімнің орынбасары жүргенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде Красный Яр ауылының тұрғындары полицияны Василий есімді жас жігітті өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп айыптаған видеоролик пен аудиожазба таралып жатыр.

Еске салсақ, 2007 жылғы Әйгерім Хайдарованы осымен жетінші тәулік іздестіріп жатыр. Іздеу жұмыстарына полиция мен еріктілер тартылды, квадрокоптерлер жұмылдырылды. "Lider.kz" еріктілер қозғалысы қыздың мекенжайы туралы шынайы ақпарат үшін 100 мың теңге сыйақы тағайындады. Хабарлаған адамның аты-жөні жария етілмейді.

20 тамыз күні тапа тал түсте қыз шашын бояу үшін Красный Ярдағы шаштаразға кеткен. Салонда өзіне қажет реңк болмаған соң, ол шаштараздан  кетіп қалған. Содан бері баланың қайда екені белгісіз.

1218
Кілт сөздер:
қыз, Ақмола облысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады

Тоқаев БҚО әкімінің алдына бірқатар міндет қойды

6
(Жаңартылды 15:46 29.09.2020)
Президент етті мал шаруашылығын дамыту, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру бойынша облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Есқалиев Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Президент Батыс Қазақстан облысының әкіміне үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруды, сонымен қатар, аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды.

6
Кілт сөздер:
әкім, Батыс Қазақстан облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Халыққа қызмет көрсету орталығы

Мобильдік қосымша арқылы ХҚКО-дағы бірқатар қызмет қолжетімді болды

21
(Жаңартылды 15:48 29.09.2020)
Азаматтар қызметті пайдалану үшін "Арнайы қызметтер" бөліміндегі "Кезекті онлайн брондауды" функциясын таңдауы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Бұдан былай eGovMobile қосымшасы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-дағы кезекке тапсырыс беріп немесе қайта брондауға болады. Ол үшін тұтынушы өзіне жақын орналасқан ХҚКО мен ыңғайлы уақытты таңдай алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, ХҚКО-на кезекті брондауды барынша жеңілдету аталған қызметті жүзеге асырудағы басты мақсат болып табылады.

"Біз пайдаланушылардың компьютерге әрдайым кіруге мүмкіндігі болмайтынын және қосымша арқылы кезекке тұру ыңғайлы және жылдам екенін түсініп, қызметті қосымшаға шығару туралы шешім қабылдадық", – деді Тұрысов.

Сондай-ақ, қосымшада бірнеше қызметті таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, қазақстандықтар бір рет брондау арқылы үш қызметке дейін ала алады. Ол үшін "Бірнеше қызметтер беру" тармағын белгілеу қажет. Содан кейін оған көп уақыт бөлінеді.

Сонымен қатар, аталған қосымша арқылы азаматтар "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру" жаңа қызметін пайдалана алады. Осы арқылы өздерінің әлеуметтік есептемелерін тексеруге мүмкіндік бар. Ал анықтаманы бірнеше минут ішінде алуға болады.

Сол сияқты "Құқықтық көмек" бөлімінде "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу" қызметі де қолжетімді.

Оқи отырыңыз: Енді көлікті ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

Айта кетейік, бұл қосымшада электрондық үкіметтің сұранысқа ие 70-тен астам қызметі мен цифрлық құжаттардың 6 түрі іске асырылады.

eGovMobile мобильдік қосымшасын GooglePlay және AppStore-да жүктеуге болады.

21
Кілт сөздер:
смартфон, ХҚКО
Тақырып бойынша
Ертеңнен бастап қазақстандықтар ХҚКО-да жеке куәліксіз-ақ қызмет ала алады
Нұр-Сұлтан тұрғыны ХҚКО қызметкеріне жұдырық ала жүгірді
Алматы тұрғыны ХҚКО ғимаратында босанды
13 өңірде ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Нұр-Сұлтанда ХҚКО-да жүргізуші куәліктері заңсыз берілгені анықталды