Қоғам

Конституция күніне орай Нұр-Сұлтанда автобус қозғалысы тоқтатылады

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивное фото автобуса
Архивное фото автобуса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала және қала маңындағы маршруттар 31 тамыз, дүйсенбіден бастап бұрынғы жұмыс уақытына қайта оралады

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қоғамдық көлік бір тәулікке, 30 тамыз күні уақытша тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

"30 тамыз, жексенбіде қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дүйсенбі, 31 тамыздан бастап қалалық және қала маңындағы бағыттар бұрынғы жұмыс уақытына оралады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер қазіргі кезде сағат 23.00-ге дейін жүреді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, атаналықтарға автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: "Жаман сөздің бәрін біз естиміз": Нұр-Сұлтанда автобус айдайтын көпбалалы ананың әңгімесі

Жексенбі күні Қазақстан Конституцияның 25 жылдығын атап өтеді. 1995 жылы 30 тамызда азаматтар референдумда негізгі заң жобасына дауыс берген. Мемлекеттік мереке жексенбіге сай келгендіктен, демалыс күні 31 тамыз, дүйсенбіге ауыстырылады.

Жаңалықтар
0