Қазақстан азаматының төлқұжаты

Төлқұжат пен жүргізуші куәлігі жыл соңына дейін цифрлық форматқа ауыстырылады 

279
(Жаңартылды 12:59 02.09.2020)
Жыл соңына дейін жоғары сұранысқа ие 30-ға жуық анықтаманы алып тастау жоспарланып отырғаны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жыл соңына дейін бірқатар маңызды құжатты цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін биометрия бойынша Egov-та бір қадам арқылы тіркелу жүзеге асырылады. 

Бұл азаматтарға биометриялық сәйкестендіруден өтіп, кез келген қызметке қол қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде электронды үкіметтің қызметін пайдаланатындар саны артады. 

"Қызмет алушылар Egov-та тіркелгеннен кейін, қағаз құжаттарымен қатар, цифрлық құжаттар сервисін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл сервиске жыл соңына дейін жүргізуші куәлігі, автокөлік техпаспорты, төлқұжат, жоғары білім туралы диплом, студенттік билет және тағы басқаларын шығару жоспарланып отыр", - деді Мусин үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, жыл соңына дейін жоғары сұранысқа ие 30-ға жуық анықтаманы алып тастау жоспарланып отыр.

Министр ақпараттың шынайылығын растау QR-кодты оқу арқылы қамтамасыз етілетінін атап өтті.

279
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
Енді қазақ-қырғыз шекарасында балалардың туу туралы куәлігі сұралмайды
1 шілдеден бастап енгізілген өзгеріс: жүргізуші куәлігі неге берілмей жатыр
Куәлігі жоқ жүргізуші полицейді көлігінің капотында сүйреді – видео
Бала

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

12
Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.

Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.

12
Кілт сөздер:
балалар, Нұр-Сұлтан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады

Тоқаев БҚО әкімінің алдына бірқатар міндет қойды

16
(Жаңартылды 15:46 29.09.2020)
Президент етті мал шаруашылығын дамыту, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру бойынша облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Есқалиев Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Президент Батыс Қазақстан облысының әкіміне үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруды, сонымен қатар, аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды.

16
Кілт сөздер:
әкім, Батыс Қазақстан облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды