Медицина қызметкері

Министр дәрігерлердің жалақысы қалай көтерілетінін айтты

1718
(Жаңартылды 13:34 02.09.2020)
Ведомство денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясатқа қатысты 10 жылға ұзақмерзімді болжам әзірлейді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен көтеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент өз жолдауында дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшыларының еңбекақысын 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен өсіруді тапсырған болатын. Нәтижесінде медицина қызметкерлерінің айлығы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады. 

"2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында бұл шығындар қарастырылған. 247 мың медицина қызметкерінің айлығын көтеруге жұмсалатын жалпы шығын 2021 жылы 222,3 миллиард теңгені, 2022 жылы 361,7 миллиард теңгені, ал 2023 жылы 557,5 миллиард теңгені құрайды", - деді Цой үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, министр коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлерін материалдық тұрғыдан ынталандыру үшін үстемеақы төлеу осы жылдың соңына дейін жалғасатынын атап өтті. 

Бұл мақсатқа қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Тиісті есептеулер қаржы министрлігінің қарауына енгізілген. 

Бұдан бөлек, ведомство денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясатқа қатысты 10 жылға ұзақмерзімді болжам әзірлейді. Сондай-ақ, тапшы медициналық мамандардың санын арттырады. Олар эпидемиологтар, инфекционистер, реаниматологтар, пульмонологтар мен кардиологтар.

1718
Кілт сөздер:
Денсаулық сақтау министрлігі, Жолдау 2020, жалақы, дәрігер
Тақырып:
Президент жолдауы - 2020 (51)
Тақырып бойынша
2023 жылға дейін дәрігерлер еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе артық болады
Ресейлік тележүргізуші Малышева қазақстандық дәрігерлердің жұмысы туралы айтты
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды
Бас санитар дәрігер қаулысына енгізілген өзгерістер жарияланды
Аурухана палатасы, архивтегі сурет

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 26 адам қайтыс болды

258
Өткен аптада коронавирустан қайтыс болған науқастардың ең үлкені – 89 жаста, ал ең жасы – қырық төртте

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір апта ішінде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.

Осы жылдың 21-27 қыркүйегі аралығында Қазақстанда індеттен 26 науқас көз жұмды.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Атырау облысында – 4 адам:

  • 1960, 1956 жылғы ер адамдар,
  • 1976, 1952 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 3 науқас:

  • 1957, 1969, 1958 жылғы әйелдер.

Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам:

  • 1948, 1958 жылғы ер адамдар,
  • 1938, 1956, 1948 жылғы әйелдер.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1:

  • 1949 жылғы ер адам.

Қостанай облысында – 2:

  • 1966, 1969 жылғы ер адамдар.

Маңғыстау облысында – 1:

  • 1965 жылғы әйел.

Қарағанды облысында – 2:

  • 1962 жылғы ер адам,
  • 1946 жылғы әйел.

Жамбыл облысында – 2:

  • 1975, 1972 жылғы әйелдер.

Нұр-Сұлтан қаласында – 2:

  • 1969, 1953 жылғы ер адамдар.

Алматы қаласында – 3:

  • 1966, 1941 жылғы ер адамдар,
  • 1931 жылғы әйел.

Шымкент қаласында – 1:

  • 1948 жылғы әйел.

13 наурыздан бері республикада COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 725 адам қайтыс болды.

258
Кілт сөздер:
науқастар, статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 58 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Бала

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

375
Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.

Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.

375
Кілт сөздер:
балалар, Нұр-Сұлтан
Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент ескі қалашығы тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды

Назарбаев "Шымкент ескі қалашығын" аралады

0
(Жаңартылды 17:35 29.09.2020)
2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын "Шымкент ескі қалашығы" тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды, деп хабарлады Elbasy сайты.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

"Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Оқи отырыңыз: Түркістанда түрлі форумдар мен спорт шараларын өткізіп тұру қажет – Назарбаев 

Айта кетейік, "Шымкент ескі қалашығы" – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.

Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы - б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.

 

0
Кілт сөздер:
Шымкент, Назарбаев
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды
Назарбаев музейде естелік жазба қалдырды
Назарбаев Маңғыстау облысына не үшін барды?
Назарбаев пен Мирзиёев Сарыағашта өзекті мәселелерді талқылады
Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты