Үкіметтің үйіндегі баспасөз орталығына жиналған БАҚ өкілдері

Ақпарат саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі

81
(Жаңартылды 14:44 02.09.2020)
Мәжіліс депутатының айтуынша, аталған саладағы заңнаманы жетілдірудегі мақсат – БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ақпарат мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамыраевтың айтуынша, заң жобасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, телерадио хабарларын тарату және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру көзделіп отыр.

"Өзгерістер мен толықтырулар бес заңға енгізіледі. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 17 наурызға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Мамыраев мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетейік, 1 қыркүйек күні парламент мәжілісінің алтыншы сессиясы басталған болатын. Сол жерде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын жариялады.

Оқи отырыңыз: БАҚ өкілдеріне "жыны келген" вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, осы сессияда біраз заң жобаларын қабылдау жоспарланып отыр. Ал ең басты міндет – жолдауда айтылған міндеттерді іске асыруға қажетті заңнамалық негіз жасау.

81
Кілт сөздер:
ақпараттық ресурстар, Мәжіліс, заң
Тақырып бойынша
"Жұмыстан босатамыз": Назарбаев БАҚ-ты қорқытатын шенеуніктерге шүйлікті
Студент өлімі үшін сотталғандардың адвокаттары БАҚ-тағы бұрмалаулар туралы мәлімдеді
Абаев: 10 сұраққа қарап, біз БАҚ туралы заңды қабылдамай отырмыз
БАҚ еркіндігі бойынша резолюция қалай бұрмаланды
БАҚ-тың "салық демалысы": Абаев президенттің шешімі туралы айтты
Айзат Молдағасымова

Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды

20
Молдағасымова Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы қызметінен төрт айдан кейін босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарған Айзат Молдағасымова тағайындалғаннан кейін төрт ай өткен соң жұмыстан босатылды.

Денсаулық сақтау министрлігі ол осы уақыттың басым бөлігінде жұмыста болмағанын хабарлады.

Сынақ мерзімінен өтпеуіне байланысты оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа 14 қыркүйекте қол қойылды, деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігі.

"Айзат Молдағасымова 2020 жылдың 3 маусымында қойылған міндеттерді тиімді орындау мақсатында Жұматов атындағы гигиена ғылыми орталығының директоры қызметіне қабылданды. Алайда ол уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алып, 1 шілде мен 14 қыркүйек аралығында жұмыста болмады. 14 қыркүйектен бастап сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты онымен еңбек шарты тоқтатылды", - деп  түсіндірді ұлттық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров.

Оның айтуынша, онымен еңбек шарты сынақ мерзімі кезінде нашар жұмыс істеуіне байланысты бұзылған.

Оқи отырыңыз: Алматының бас санитары дәрігерлердің қалай ауру жұқтырғанын айтты 

Айзат Молдағасымова бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Оның кезінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды. Қаланың бас санитары бұған дәрігерлердің  қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Алайда ақхалаттылар Молдағасымованы жала жапты деп айыптап, президенттің атына хат жазды.

Осы жағдайдан кейін, 18 сәуірде Айзат Молдағасымова қызметінен кетті, оның орнына Жандарбек Бекшин тағайындалды.  

20
Тақырып бойынша
Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті
Алматының бас санитары 12 дәрігерден коронавирус табылғаннан кейін мәлімдеме жасады
Алматыда коронавирус табылған дәрігерлер 300-ден аса адаммен байланыста болған
Жандарбек Бекшин жаңа қызметке тағайындалды
Қабан, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан қаласына жабайы қабандар кіріп кетті видео

98
Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Елорда тұрғындары түнде қалада жүрген бірнеше жабайы қабанды видеоға түсіріп алды. Қазір экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлардың Нұр-Сұлтанға қалай кіріп кеткенін анықтап жатыр.

Қаланың орталық даңғылында жүрген қабандар жайлы видеоны Instagram желісіне zhaloby_astana паблигінің қолданушылары жариялады. Видеодан топтасқан жануарлардың жол бойымен жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Автордың айтуынша, бұл Тұран даңғылында "Астана Арена" стадионының жанында болған.

Елорда тұрғындары Нұр-Сұлтанға жабайы қабандар қайдан келгенін біле алмай дал.

Sputnik Қазақстан экология министрлігінен жағдайды түсіндіруді сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатқанын хабарлады.  

98