Әйел, түрме

Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты  

996
(Жаңартылды 14:56 02.09.2020)
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Құжат сенатқа жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Біріккен Араб Әмірліктерінде жазасын өтеп жүрген қазақстандықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстанның алты азаматы жазасын өтеп жүр. Олардың ішінде бесеуі бір қылмыстық іс бойынша ұсталды. Қарақшылық пен абайсызда адам өлтіргені үшін сотталды. Олар 15 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Дембаев мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, тағы бір қазақстандық өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. 

"Ол әйел, шамамен, 5 келі есірткі мен психотроптық заттар сатқаны үшін сотталды. Егер депутаттар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификацияласа, онда ол адамдар Қазақстанға өтініш жаза алады. Одан кейін бас прокурор сотқа ұсыныс жасап, жазаны растап беруді сұрайды. Сосын Араб Әмірліктері келісім берсе, оларды Қазақстанға қайтаруға болады. Жазасын осы жерде өтей алады", - деп атап көрсетті Дембаев. 

Бүгінгі отырыста мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Енді, осы құжат сенатқа жіберіледі.

 

996
Кілт сөздер:
қылмыс, қазақстандықтар, шетел
Тақырып бойынша
Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: карантин басталғалы қызымды ешкім көрген жоқ
"Қауіпті ресейлік маньяк Қазақстанда жасырынуы мүмкін": полиция түсініктемесі
Ақжарқын Тұрлыбай түрмеге ауыстырылады – министрлік түсініктемесі
Тұншықтырып, өртеп жіберген: Алматы облысындағы ауылда жантүршігерлік қылмыс жасалды
Ақжарқын Тұрлыбайға кесілген үкім өзгеріссіз қалды: енді қайтпек керек?
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

5
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

5
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті
Людмила Бюрабекова

Депутат бұрынғы вице-министрдің отставкасы жайлы: бұған жауап беруі керек

285
Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз әрекетіне жауап беруі керек деп санайды.

Бұл туралы мәжілісмен Facebook-тегі парақшасында жазды.

Депутат экс-шенеунікті фармацевтика өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік бермей, отандық ғалымдардың препараттары мен құрылғыларын клиникалық сынақтан өткізуге кедергі келтірді деп айыптады.

Смирнованың айтуынша, Бюрабекова шетелдік дәрі-дәрмектің, көрші елдермен салыстырғанда, бірнеше есе қымбатқа сатылуына, зертханалардың бірінде коронавирусқа қарсы ПТР анализінің 20 000 теңге тұруына ықпал еткен.

"Бетперде 110 теңгеден арзан болуы мүмкін емес деп мәлімдеді. Осы жылдың қорқынышты жазында дәрі-дәрмектің жоқтығына бей-жай қарады. Адамдар мен пациенттердің тағдырына алаңдамайтынын көрсетті. Айта берсе, толып жатыр. Ақыр соңында қызметтен босатты-ау. Жай алып тастамаған шығар деген үміттемін. Бұған жауап беруі керек", - деп жазды Смирнова.

Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен қызметтен кетті. Ол денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған еді.

Денсаулық сақтау министрлігін ол уақытта Елжан Біртанов басқарды.

285
Кілт сөздер:
Ирина Смирнова, вице-министр, Денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус