Ералы Тоғжанов

"Тағы карантин жарияланады": Тоғжанов ел арасында тараған сыбысқа жауап берді

22052
Вице-премьер ведомствоаралық комиссияның отырысында карантинді одан әрі жеңілдету жайы қаралатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тағы да қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі карантин енгізуге қатысты сұрақ қойды.

"Халық арасында, әлеуметтік желілерде 17 қыркүйекте қайта карантинге жабады деген ақпарат тарап жатыр. Қазан айында күн сайын 5 мың адамға дейін індет жұқтырады деген де ақпар бар. Жалған ақпарат болса, оны таратқандарды қалай бақылайсыздар?", – деп сұрады журналист.

Тоғжанов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Ондай ақпарат бізде жоқ. Бүгінгі күні өсім деңгейі 0,1 процентті құрап отыр. Бұл ашығын айтқанда, үлкен жұмыс пен қабылданған шаралардың нақты нәтижесі. Қазақстанда ешқандай карантин енгізу мәселесі тұрған жоқ. Керісінше, өздеріңіз байқап отырғандай, карантин режимін жұмсартуға байланысты бірнеше шаралар қабылданды," – деді вице-премьер.

Ол бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысы өтетінін және онда карантинді одан әрі жеңілдету жайы қаралатынын атап өтті.

Вице-премьер қазақстандықтардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады.

Оқи отырыңыз: Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты

22052
Кілт сөздер:
Ералы Тоғжанов, төтенше жағдай, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (639)
Тақырып бойынша
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды
Алматыда карантин режимін бұзған нысандарға 39 миллион теңге айыппұл салынды
"Төреғали қарындасын ұзатты": Полиция карантин кезінде той ұйымдастырғандарды анықтады
Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі - комиссия отырысы өтті
Назарбаев карантин шараларының жеңілдеуіне қатысты пікір білдірді
Жеңіс күні

Алматы облысында 95 жастағы қария өзінің соғысқа қатысқанын дәлелдей алмай жүр

36
(Жаңартылды 14:54 22.09.2020)
Жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлім мамандары Тоқманбетов туралы толық ақпарат алу үшін Ресейдің қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатына сұрау салған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында 95 жастағы қария әлі күнге соғыс ардагері мәртебесін ала алмай жүр. Фашистерге қарсы соғыс кезінде "резервте болдым" деген Әбдібай Тоқманбетов, артынша жапон соғысына аттанып, елге тек 1948 жылы оралған. Бірақ оған тек тыл ардегері деген мәртебе берілген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ресейдің Гатчин қаласындағы мұрағаттан оның жапон соғысына қатысқанын растайтын құжаты да табылған екен. Алайда, іс содан әріге жылжымай тұр.

Шөбереге ертегідей естілген ата әңгімесі Әбдібай ақсақалдың көңілінде әлі сайрап жатыр. От ортасынан оралғанына жетпіс жылдан асқанмен, жанкешті күндер көрінісі жанарындағы жаспен әлі күнге сырғиды.

"Жапонияға бардым. Сол Жапонияда 7-8 жыл соғысып, аман-есен оралдым ауылға. 42-жылдан 48-ші жылға дейін", – дейді ардагер Әбдібай Тоқманбетов.

Ақсақалдың айтуынша, ол Екінші дүниежүзілік соғыста резервте болып, артынша жапон майданына аттанады. Бірақ елге оралғанда Тоқманбетовке тек тыл ардагері деген мәртебе берілген. Қарияның өзі оны дауламай жүре берген. Тек артындағы ұрпағы, атаның еңбегі еленуі керек деген пікірде. Сөйтіп сұрау салып жүріп, бертінде Ресейдің Гатчин қаласындағы мұрағаттан Әбдібай ақсақалдың соғысқанын растайтын құжат та алдырыпты.

"1943 жылы Владивостокта болады. Содан 1948-жылы әскери қызметін бітіріп бері қайтады. Сонда менің бір түсінбейтін нәрсем, бұл кісі қазір "тыл еңбеккері" дейді. Бұл кісі екі жақта жүре ме", – дейді ақсақалдың ұлы Ерік Тоқманбетов.

Ал Тоқманбетовтің туысы Рыскелді Жақаубаев та осындай пікірді ұстанады.

Масақ ауылындағы ақсақал үйінде "Соғыс ардагері" деген балалары орнатқан тақтайша тұр. 9 мамырда көңілін кірбің басатыны олардың да жанына батады.

Мәселенің мәнісіне қатысты сұрақ қойылғанда Еңбекшіқазақ ауданындағы қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегілер сұхбат беруден бас тартқан.

Бар айтқаны Ресейдің Гатчин қаласындағы мұрағат Тоқманбетов туралы толық ақпарат алу үшін Ресейдің қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатына сұрау салған. Бұл жақ соның жауабын күтіп отыр. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім мамандары жауаты осылайша ауызша қысқа қайырған.

Оқи отырыңыз: Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанның қай өңірі бомбаланды

Демек, Ресейдің орталық мұрағатынан ресми жауап күтуден басқа амал жоқ. Әбдібай ақсақал бұл жауапты селқос, салқын қабылдады. Соғыстың бейнетін көріп, отынан өткенмен, 95 жасына дейін бір тілім жапырақ қағаздың кесірінен тиісті мәртебесін ала алмай келеді. Оның ұрпағы жергілікті мекемеден қайыр болмаса, онда арашаны Қорғаныс министрлігінен сұрамақ.

36
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы ардагері, ардагер
Тақырып бойынша
Ардагер: Бигелдинов пен Қошқарбаев секілді батырларды жастардың білмеуі қынжылтады
"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі
700-ден астам ардагер Нұр-Сұлтан мен Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады
Алматылық ардагер "Қалқан және раушан" сыйлығын алды
Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігер

Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты

494
Елордалық дәрігер салқын тиіп, аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда, бірден учаскелік дәрігерге хабарлауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Күз мезгілінде ел ішінде тұмау дерті өршитіні белгілі. Оған биыл коронавирус індеті қосылып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпбейінді медициналық орталығының дәрігер-инфекционисі Эльмира Әбішева COVID-19 бен тұмаудың айырмашылығы жайлы және олардан қалай сақтануға болатынын айтты.

Коронавирустың тұмаудан айырмашылығы

Әбішеваның айтуынша, науқас коронавирусқа қарағанда тұмаудан тез жазылады. Айналдырған үш-бес күннің ішінде сауығып шығуы мүмкін. Ал COVID-19 инфекциясы кезінде адам күн өткен сайын әлсірей береді.

"Тұмауға шалдыққан адамның дене қызуы 38-39 градусқа дейін барады. Өзін әлсіз сезініп, мұрны бітеледі. Ал коронавирус кезінде температура қатты көтерілмейді – 37 градус шамасында. Әлсіздік басымырақ болады. Егер дене қызуы үш күн бойы түспей, әлсіздік ұзаққа созылып, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалса, бұған қоса ентікпе және жөтел пайда болса, бұл коронавирустың белгілері", - деп түсіндірді инфекционист.

Дәрігер адам коронавирус пен тұмауды қатар жұқтыруы мүмкін бе, жоқ па, ол әзірге белгісіз екенін айтты. Тұмау маусымы енді басталғандықтан, мұндай деректер тіркелмеген.

Вакцина COVID-19 жұқтыру қаупін азайта ма?

Әбішеваның айтуынша, тұмауға қарсы вакцина салдырған адамдар вирус жұқтырмауы мүмкін. Тіпті, жұқтырған күннің өзінде, ауру жеңілірек өтеді, одан әрі асқынып, пневмонияға айналу қаупі төмен. Сол себепті инфекционист қазақстандықтарға тұмауға қарсы екпе салдыруға кеңес берді.

Сондай-ақ, дәрігер COVID-19 жұқтырып, дертінен құлан-таза айықпаған пациенттерге тұмау маусымы кезінде абай болуға кеңес берді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қай кезде ең қатаң карантин жарияланатыны белгілі болды

"Коронавирустан кейін организм әлсіреп қалады. Сондықтан инфекциядан емделмей жатып, тұмауға шалдықса, адамның ағзасы көтере алмауы мүмкін. Инфекциядан толығымен құтылу үшін сауықтыру шаралары өте маңызды. Атап айтқанда, тыныс алу гимнастикасы, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, демалыс. Мұның бәрін ұстанса, тұмау жұқтыру қаупі де азаяды", - деді ол.

Тұмау, әлде COVID-19? Алғашқы белгілер пайда болса, не істеу керек?

Елордалық дәрігер салқын тиіп, аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда, бірден учаскелік дәрігерге хабарлауға кеңес берді.

"Тұмау мен коронавирустың симптомдары ұқсас болғандықтан, ауруды ажырату қиын. Егер адам өзін әлсіз сезініп, дене қызуы көтерілсе, бірінші кезекте, учаскелік дәрігерге хабарлау керек. Олар ауру белгілері негізінде қандай анализ тапсырып, қандай дәрі ішу керектігін түсіндіреді. Бірақ, менің айтарым: көп су ішіңіздер. Қонаққа бармаңыздар, барынша оқшауланыңыздар", - деді инфекционист.

Ол дәрігердің нұсқауынсыз өз бетінше дәрі ішпеуге шақырды. Айтуынша, науқастардың дені үйде емделемін деп ауруын асқындырып алады.

Әбішева тұмау кезінде антибиотиктер көмектеспейтінін, вирусқа қарсы препараттарды қолдану қажет екенін атап өтті.  

Дәрігер қазақстандықтардан жеке бас тазалығын сақтап, маска киіп, ара қашықтықты сақтауды сұрады.

494
Кілт сөздер:
тұмау, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың екінші толқыны: денсаулық министрлігі неге алаңдап отыр
Министр Цой: коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз
Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды
"Коронавирус бақылаудан шығып барады": БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады
Қарағанды қаласы

Президент Қарағанды облысының әкіміне тапсырма берді

0
Жеңіс Қасымбек президентке жыл басынан бергі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берді

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Жеңіс Қасымбек президентке жыл басынан бергі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берді.

"Облыс әкімі қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өндірісіндегі оң өзгеріс, астық жинау науқаны туралы баяндады. Аймақтың жылыту маусымына дайындығы және жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылыс туралы ақпарат берді ", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар кездесу барысында президентке облыстағы коронавирус індетінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жағдайы, медициналық инфрақұрылымдар мен дәрігерлерді даярлау жұмыстары туралы баяндалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың жарлығы қоғамдық талқылауға шығарылды 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, өңірге инвестиция тарту және басқа да аймақты дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

0
Кілт сөздер:
Жеңіс Қасымбек, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Шығыс Қазақстанға не үшін баратынын айтты
Тоқаев Көлгіновтің есебін тыңдап, бірқатар тапсырма берді
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Ауыл әкімдерін халық сайлайды – Тоқаев
Сапарбаев президентке Қордайдағы жағдайды баяндап берді