Сахина, архивтегі фото

Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды

610
Той иесіне Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес, 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды

АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Әнші Әли Оқаповтың жары болған Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойын ұйымдастырғандарға 41 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылдың 19 тамызында Атырау қаласының тұрғыны облыстың бас санитар дәрігерінің отбасылық шараларды өткізуге тыйым салған қаулысын бұзып, туған-туысын үйіне жинап, шара өткізгені анықталған.

"Той иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жеке тұлғаға  әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде (41 670 теңге) айыппұл салынды", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов атыраулық Ақерке Бүркітбайға үйленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

"Асыл" тобының әншісі Бүркітбайдың ұзату тойы 19 тамызда Атырауда өтті. Ал Роза Рымбаева екі жастың тойы карантин 100% аяқталғаннан кейін өтетінін айтты.

610
Кілт сөздер:
той, айыппұл, Роза Рымбаева, Әли Оқапов
Тақырып бойынша
Министрлік тойды заңсыз өткізген мейрамханаларды атады
"Тойды жаназа үшін жасамайық": зиялы қауым өкілдері халыққа өтініш жасады
Енді той өткізгендер де, тойға барғандар да айыппұл төлейді
Алматыда 30 адамдық банкет, 100 адамдық той өткізгендер жазаға тартылды
Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды – видео
Бала

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

133
Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.

Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.

133
Кілт сөздер:
балалар, Нұр-Сұлтан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады

Тоқаев БҚО әкімінің алдына бірқатар міндет қойды

17
(Жаңартылды 15:46 29.09.2020)
Президент етті мал шаруашылығын дамыту, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру бойынша облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Есқалиев Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Президент Батыс Қазақстан облысының әкіміне үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруды, сонымен қатар, аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды.

17
Кілт сөздер:
әкім, Батыс Қазақстан облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды