Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі фото

Президент латын әліпбиін енгізу мәселесі бойынша тапсырма берді

2338
(Жаңартылды 18:41 03.09.2020)
Мемлекет басшысы латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына министрлік қызметінің қорытындылары, атап айтқанда, мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері, архивтер бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Сонымен қатар Тоқаевтың бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижелері туралы есеп берілді.

Мәдениет және спорт министрі бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтіп, мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы айтты. Қазірдің өзінде мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жергілікті жерлерде 35%, ал республикалық деңгейде 50% артқан. Бұдан бөлек, министрліктің пандемия кезінде өткізген онлайн шаралары жөнінде де мәлімет берді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова президентке қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындығы, жаңадан ашылғалы жатқан Туризм және меймандостық университетінің жұмысы жайында айтты.

Латын әліпбиі: ұлттық комиссия бірнеше нұсқаны қарап шықты

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, ел арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, оны одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.

2338
Кілт сөздер:
Латын әліпбиі, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (47)
Тақырып бойынша
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Әліппе латын қарпімен жазылады – білім министрлігі
Тоқаев Назарбаев бекіткен жаңа әліпбиден олқылық тапты
Президент өзін алаңдатып жүрген мәселені қозғады
Тоқаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады

Тоқаев БҚО әкімінің алдына бірқатар міндет қойды

13
(Жаңартылды 15:46 29.09.2020)
Президент етті мал шаруашылығын дамыту, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру бойынша облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Есқалиев Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Президент Батыс Қазақстан облысының әкіміне үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруды, сонымен қатар, аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды.

13
Кілт сөздер:
әкім, Батыс Қазақстан облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Халыққа қызмет көрсету орталығы

Мобильдік қосымша арқылы ХҚКО-дағы бірқатар қызмет қолжетімді болды

25
(Жаңартылды 15:48 29.09.2020)
Азаматтар қызметті пайдалану үшін "Арнайы қызметтер" бөліміндегі "Кезекті онлайн брондауды" функциясын таңдауы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Бұдан былай eGovMobile қосымшасы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-дағы кезекке тапсырыс беріп немесе қайта брондауға болады. Ол үшін тұтынушы өзіне жақын орналасқан ХҚКО мен ыңғайлы уақытты таңдай алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, ХҚКО-на кезекті брондауды барынша жеңілдету аталған қызметті жүзеге асырудағы басты мақсат болып табылады.

"Біз пайдаланушылардың компьютерге әрдайым кіруге мүмкіндігі болмайтынын және қосымша арқылы кезекке тұру ыңғайлы және жылдам екенін түсініп, қызметті қосымшаға шығару туралы шешім қабылдадық", – деді Тұрысов.

Сондай-ақ, қосымшада бірнеше қызметті таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, қазақстандықтар бір рет брондау арқылы үш қызметке дейін ала алады. Ол үшін "Бірнеше қызметтер беру" тармағын белгілеу қажет. Содан кейін оған көп уақыт бөлінеді.

Сонымен қатар, аталған қосымша арқылы азаматтар "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру" жаңа қызметін пайдалана алады. Осы арқылы өздерінің әлеуметтік есептемелерін тексеруге мүмкіндік бар. Ал анықтаманы бірнеше минут ішінде алуға болады.

Сол сияқты "Құқықтық көмек" бөлімінде "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу" қызметі де қолжетімді.

Оқи отырыңыз: Енді көлікті ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

Айта кетейік, бұл қосымшада электрондық үкіметтің сұранысқа ие 70-тен астам қызметі мен цифрлық құжаттардың 6 түрі іске асырылады.

eGovMobile мобильдік қосымшасын GooglePlay және AppStore-да жүктеуге болады.

25
Кілт сөздер:
смартфон, ХҚКО
Тақырып бойынша
Ертеңнен бастап қазақстандықтар ХҚКО-да жеке куәліксіз-ақ қызмет ала алады
Нұр-Сұлтан тұрғыны ХҚКО қызметкеріне жұдырық ала жүгірді
Алматы тұрғыны ХҚКО ғимаратында босанды
13 өңірде ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Нұр-Сұлтанда ХҚКО-да жүргізуші куәліктері заңсыз берілгені анықталды
Алматы. Медеу

Қазақстанда 30 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған "KTZE – Khorgos Gateway" құрғақ портының нысандары мен Қазақ-қытай шекарасындағы Алтынкөл теміржол станциясына баспасөз туры. Тур аясында қайта тиеу процестерінің көрсетілімі және Алтынкөл станциясы мен Құрғақ порт басшылығымен сұхбат ұйымдастырылады. Қатысуға ниетті азаматтар үшін Алматы–Жаркент–Алматы бағыты бойынша көлік ұйымдастырылады және тамақтану (түскі және кешкі ас). Телефон арқылы аккредиттеу: +7 775 813 33 35 (Анастасия Карабалина).

09.00 – Үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібінде: эпидемиологиялық ахуал, жылыту маусымына дайындық, интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері. Үкімет отырысының тікелей трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми каналынан, Facebook-тен көріңіздер.

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер музейі, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

11.00 – "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасының презентациясы.

11.00 – Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазақстандағы ЕО климаттық дипломатиясы және #EU4GreenKZ акциясы аясында ағаш отырғызу. ЕО елшілері мен өкілдері ЕХРО-ға мүше елдердің санын білдіретін ЭКСПО-ға 27 ағаш отырғызады. Іс-шараның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының жасыл және тұрақты дамуына үлес қосу және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту. (Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, EXPO аумағы, жанындағы балалар алаңы, Ақмешіт көшесінің бойында. Байланыс телефоны: +7 775 673 08 23).

14.00 – Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сауда жөніндегі алқа мүшесі (министр) Андрей Слепневпен Мәскеу-Ереван-Минск-Нұр-Сұлтан онлайн бейне көпірі форматында кездесу өтеді. БАҚ өкілдерін Sputnik Қазақстан сайтында, Facebook парақшасында және YouTube каналында көрсетілетін онлайн кездесуге қатысуға шақырамыз. Сұрақтарды мына мекенжайға жібере аласыз: a.nurgazinova@sputniknews.com, телефон +7 (747) 2207401 (WhatsApp).

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (Тіркелу nobel-fest.inpolicy.net).

00.00 – мобильді қосымша және primaries.kz арнайы веб-порталы арқылы Nur Otan партиясының праймеризіне электронды дауыс беру басталады. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Үміткерлердің рейтингісі көрсетілетін праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

10.00 – Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған "Ғажайып көркем сурет" көрмесі. Көрме ҚХР құрылғанына 71 жыл толуына арналған. Көрме 31 қазанға дейін жұмыс істейді. Демалыс күні – сейсенбі (Алматы, ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 шағын ауданы, 44. Байланыс телефоны: +7 727 264 26 80).

10.00 – "Қарты бар үйдің қазынасы бар" қайырымдылық концерті (Трансляция Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Instagram парақшасында).

19.00 – Нұр-Сұлтандағы Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 120-шы мерейтойлық театр маусымының ашылуы. Маусым "Найзағай" спектаклімен ашылады (Трансляция театрдың YouTube каналында жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0