Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте 89 адам коронавирус жұқтырды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONСотрудник лаборатории расставляет прбирки с пробами для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории расставляет прбирки с пробами для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індетке шалдыққандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгені хабарланып отыр. Шымкентте соңғы тәулікте бірде-бір тұрғында коронавирус расталмады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек — Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша жаңартылған статистиканы жариялады. 

Оған сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 89 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 21 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Індетке шалдыққандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында (13) тіркелгені хабарланып отыр. Алматыда 10 адам вирус жұқтырды. Шымкентте соңғы тәулікте бірде-бір тұрғында коронавирус расталмады. 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106 121. 98 585 адам жазылып шықты. 1 588 науқас қайтыс болды.

Еске сала кетсек, 31 тамыздан бері Қазақстанда шектеу шаралары жеңілдетіле бастады. Бірқатар нысан ашылды. Алайда көп адам жиналатын шаралар өткізуге рұқсат жоқ.

Жаңалықтар
0