Дельфин, архивтегі фото

Кусто Қазақстан үкіметіне видеоүндеу жолдады

982
Француз зерттеушісі Жан-Мишель Кусто Қазақстанға киттәрізділерді қорғауға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Атақты теңізші Жак-Ив Кустоның ұлы Жан-Мишель Кусто Қазақстанның дельфинарийлерді жабу туралы бастамасын қолдап, видеоүндеу жазды.

"Мұхиттар болашағы" қоғамын басқаратын француз зерттеушісі бұл бастаманы толық қолдайтынын атап өтіп, республика халқы мен үкіметіне алғыс айтты.  

"Ғылыми зерттеулер қамаудағы дельфиндер мен киттердің күйзелістен зардап шегетінін растап отыр. Олар жабайы туыстастарына қарағанда аз өмір сүреді. Ал халықтың дельфинарийлердегі іс-әрекеті жабайы табиғаттағы бұл ғажайып жануарлар үшін қалыпты нәрсе емес", - деді Жан-Мишель Кусто.

Оның пайымдауынша, мұхиттардың болашағын қорғау үшін киттәрізділерді қамауда ұстауға тыйым салу бастамасы өте маңызды.

"Біз осы жануарларды қорғауға деген ниетті құптаймыз. Мен қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынмын", - деп толықтырды Кусто.   

Қазақстан дельфинарийлерді жабу мәселесін қарастыруда

Қазақстандағы жануарлар құқығын қорғаушылар мемлекет басшысына, сондай-ақ Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне дельфинарийлерді жабу туралы өтініш жасады. Қазір министрлік бұл мәселені қарастырып жатыр.

"Тірідей өртейді": әйгілі француз актрисасы Тоқаевқа хат жазды

"Дельфин қорғаушыларының алаңдаушылығын түсіне отырып, экология министрлігі "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы аясында дельфинарийлерді жабу туралы мәселені қарауға дайын", - деді тамызда ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Ол дельфинарийлерді жабу мәселесі бір күнде шешілмейтінін, оған белгілі бір уақыт қажет екенін баса айтты. Қажетті шешім қабылдау үшін сарапшылар тартылып, халықаралық тәжірибе зерделенеді.  

982
Кілт сөздер:
видео үндеу
Тақырып бойынша
Ызаланған орангутан орманды отап жатқан бульдозермен шайқасты – видео
Алматы саябағында көгершіндердің неден қырылып қалғаны белгілі болды
"Су қоймасында балық жаппай қырылып жатыр": желіде таралған ақпарат тексерілуде
Алматы облысындағы жануарлар үйінде аш иттер бір-бірін жеп қойған
Айзат Молдағасымова

Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды

18
Молдағасымова Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы қызметінен төрт айдан кейін босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарған Айзат Молдағасымова тағайындалғаннан кейін төрт ай өткен соң жұмыстан босатылды.

Денсаулық сақтау министрлігі ол осы уақыттың басым бөлігінде жұмыста болмағанын хабарлады.

Сынақ мерзімінен өтпеуіне байланысты оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа 14 қыркүйекте қол қойылды, деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігі.

"Айзат Молдағасымова 2020 жылдың 3 маусымында қойылған міндеттерді тиімді орындау мақсатында Жұматов атындағы гигиена ғылыми орталығының директоры қызметіне қабылданды. Алайда ол уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алып, 1 шілде мен 14 қыркүйек аралығында жұмыста болмады. 14 қыркүйектен бастап сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты онымен еңбек шарты тоқтатылды", - деп  түсіндірді ұлттық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров.

Оның айтуынша, онымен еңбек шарты сынақ мерзімі кезінде нашар жұмыс істеуіне байланысты бұзылған.

Оқи отырыңыз: Алматының бас санитары дәрігерлердің қалай ауру жұқтырғанын айтты 

Айзат Молдағасымова бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Оның кезінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды. Қаланың бас санитары бұған дәрігерлердің  қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Алайда ақхалаттылар Молдағасымованы жала жапты деп айыптап, президенттің атына хат жазды.

Осы жағдайдан кейін, 18 сәуірде Айзат Молдағасымова қызметінен кетті, оның орнына Жандарбек Бекшин тағайындалды.  

18
Тақырып бойынша
Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті
Алматының бас санитары 12 дәрігерден коронавирус табылғаннан кейін мәлімдеме жасады
Алматыда коронавирус табылған дәрігерлер 300-ден аса адаммен байланыста болған
Жандарбек Бекшин жаңа қызметке тағайындалды
Қабан, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан қаласына жабайы қабандар кіріп кетті видео

97
Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Елорда тұрғындары түнде қалада жүрген бірнеше жабайы қабанды видеоға түсіріп алды. Қазір экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлардың Нұр-Сұлтанға қалай кіріп кеткенін анықтап жатыр.

Қаланың орталық даңғылында жүрген қабандар жайлы видеоны Instagram желісіне zhaloby_astana паблигінің қолданушылары жариялады. Видеодан топтасқан жануарлардың жол бойымен жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Автордың айтуынша, бұл Тұран даңғылында "Астана Арена" стадионының жанында болған.

Елорда тұрғындары Нұр-Сұлтанға жабайы қабандар қайдан келгенін біле алмай дал.

Sputnik Қазақстан экология министрлігінен жағдайды түсіндіруді сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатқанын хабарлады.  

97