Бергей Рысқалиев

Ағайынды Рысқалиевтер мүлкі қайтарылды бас прокуратура түсініктемесі

2555
(Жаңартылды 18:04 08.09.2020)
Өткен жылы ағайынды Рысқалиевтерге қатысты сот үкімі сырттай шығарылған болатын. Себебі олар отырысқа қатысқан жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов ағайынды Рысқалиевтердің мүлкін қайтару мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл маусым айында Жоғарғы сотта бас прокуратураның кассациялық қарсылығы қаралған болатын. Сол кезде Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан Рысқалиевке тәркіленген мүлікті қайтару туралы шешім қабылданды. 

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, өткен жылы ағайынды Рысқалиевтерге қатысты сот үкімі сырттай шығарылған болатын. Себебі олар отырысқа қатысқан жоқ. Ал үкім күшіне енгеннен кейін сотталғандардың туыстары мүлікті қайтаруды сұрады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде олардың заңсыз байып кетуге қатысы жоқ екені анықталды. Бұдан бөлек, қылмыстық топ құрылғанға дейін тіркелген мүлікке арест салуды алып тастады.  

"Қылмыстық топ құрылғанға дейін тіркелген, яғни ол (Бергей Рысқалиев) бизнес саласында жұмыс істеп жүрген кезде тіркелген мүлік ішінара тәркілеуден босатылды", - деді Ахметжанов.

Осы орайда бас прокурордың орынбасары 2018 жылы тиісті заңға өзгерістер енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес, қылмыстық жолмен келген және заңдастырылған мүлік тәркілеуге жатады. 

"Бұл мәселе сіз айтқан азаматқа (Бергей Рысқалиевке) ғана қатысты емес. Ол біздің барлық азаматтарымыздың мүлкін қорғауға арналған. Ондай оқиғалар аз емес. Бас прокурордың қарсылығымен немесе ұсынысымен Жоғарғы сотта үкімдер қайта қаралады да, мүліктің қылмыстық жолмен келгеніне нақты дәлел болмаса, ол иесіне қайтарылады", - деп атап көрсетті Ахметжанов.

2555
Кілт сөздер:
мүлікке бұғау салу, түсініктеме, Бас прокуратура, Бергей Рысқалиев
Тақырып бойынша
Бергей Рысқалиев Лондонда емін-еркін серуендеп жүр – куәгер видеосы
Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы бас прокурордың орынбасарына жауап берді
Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды қайтаруға не қолбайлау болып тұрғанын айтты
Бергей Рысқалиев Лондонда серуендеп жүр: Бас прокуратура түсініктеме берді
Бергей Рысқалиев ұрлаған 13 миллион долларға бұғау салынды – Бас прокуратура  
Авифавир дәрісі

Қазақстан 3000 дана "Авифавир" дәрісін сатып алады

0
Ахметжан Есімов Елбасыға коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша жасалған келісім туралы мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорында болды, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Казмедприбор" ЖШС 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Кәсіпорын 2005 жылы құрылған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев "Шымкент ескі қалашығын" аралады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Елбасыға жеке инвестордың қаражатына салынатын 1000 орындық көпсалалы университеттік аурухана құрылысы туралы ақпарат берді.

"Жаңа медициналық мекемеде ана мен бала орталығы, хирургиялық, терапевтік орталықтар, сонымен қатар бір ауысымда 700 адамға қызмет көрсететін клиникалық-диагностикалық орталық жұмыс істейтін болады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пандемия кезінде ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан денсаулық сақтау жүйесі мен отандық өндірушілерді қолдау үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа елорда мен Алматыда медициналық орталықтар салу жөніндегі тапсырманың орындалу барысы баяндалды.

 Есімов Елбасыға 3000 дана көлемінде "Авифавир" дәрісін сатып алу және коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша жасалған келісім туралы мәлімет берді.

0
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Назарбаев, коронавирус
Тақырып бойынша
Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды
Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек – Назарбаев
Коронавирустың екінші толқыны: денсаулық министрлігі неге алаңдап отыр
Ракпен ауыратын қазақстандықтарға емді тоқтату ұсынылды
Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады
Аурухана палатасы, архивтегі сурет

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 26 адам қайтыс болды

366
Өткен аптада коронавирустан қайтыс болған науқастардың ең үлкені – 89 жаста, ал ең жасы – қырық төртте

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір апта ішінде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.

Осы жылдың 21-27 қыркүйегі аралығында Қазақстанда індеттен 26 науқас көз жұмды.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Атырау облысында – 4 адам:

  • 1960, 1956 жылғы ер адамдар,
  • 1976, 1952 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 3 науқас:

  • 1957, 1969, 1958 жылғы әйелдер.

Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам:

  • 1948, 1958 жылғы ер адамдар,
  • 1938, 1956, 1948 жылғы әйелдер.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1:

  • 1949 жылғы ер адам.

Қостанай облысында – 2:

  • 1966, 1969 жылғы ер адамдар.

Маңғыстау облысында – 1:

  • 1965 жылғы әйел.

Қарағанды облысында – 2:

  • 1962 жылғы ер адам,
  • 1946 жылғы әйел.

Жамбыл облысында – 2:

  • 1975, 1972 жылғы әйелдер.

Нұр-Сұлтан қаласында – 2:

  • 1969, 1953 жылғы ер адамдар.

Алматы қаласында – 3:

  • 1966, 1941 жылғы ер адамдар,
  • 1931 жылғы әйел.

Шымкент қаласында – 1:

  • 1948 жылғы әйел.

13 наурыздан бері республикада COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 725 адам қайтыс болды.

366
Кілт сөздер:
науқастар, статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 58 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев