Асхат Аймағамбетов

Аймағамбетов білім сапасын жақсарту мәселесі туралы айтты

5766
(Жаңартылды 21:17 08.09.2020)
Президент өз жолдауында мектептердің білім беру сапасын арттыруды тапсырды. Осы міндеті орындау үшін біліктілігі жоғары мұғалімдерді даярлау жүйесін енгізу керек

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі білім мен әлсіз мұғалімдер проблемасын қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, президент өз жолдауында мектептердің білім беру сапасын арттыруды тапсырды. Осы міндеті орындау үшін біліктілігі жоғары мұғалімдерді даярлау жүйесін енгізу керек. Ал қолданыстағы жүйе, әсіресе, жоғары оқу орындарындағы білім сапасы жиі сынға алынады. Себебі  оқу бағдарламалары ескірген, жас мамандардың тәжирібесі де дұрыс ұйымдастырылмайды. Бұдан тағы бір проблема туындайды.

"Бұл мамандықты "әлсіз" түлектер таңдап, университетке түсіп, диплом алған соң, мектепке жұмысқа орналасады. Мұндай "маманнан" сабақ алған оқушылар да "әлсіз" болады, мектептегі білімнің сапасы нашарлайды. Одан кейін осы оқушылар ЖОО-ға түседі. Нәтижесінде экономикаға әлсіз мамандар келеді. Міне, осы мысал мәселенің маңыздылығын көрсетеді", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтің желідегі парақшасында

Министр сөзіне қарағанда, бұрын педагогикалық мамандықтар бойынша грант жеңіп, оқуға түскен түлектердің орташа балы 60-65, ал шекті балы 50 болған. Оған қоса, педагогикалық мамандықты таңдағандардың арасында мектепті үздік бітіргендер немесе "Алтын белгі" иегерлері аз болды. Ал жыл сайын жоғары білім алып шығатын 40 мыңнан астам түлектің төрттен бірі ғана білім беру мекемелеріне мамандық бойынша жұмысқа орналасатын.

"Жас мұғалімдердің біліктілік деңгейінің төмендігі университтердегі білімнің сапасыздығына ғана емес, сонымен қатар мұғалімдік қызмет тартымдылығының төмендігіне де байланысты. Әрине, бұл ауқамды мәселе кешенді түрде шешілуі тиіс", - деп атап көрсетті Аймағамбетов. 

Қазіргі кезде осы саладағы білім беру бағдарламалары жаңартылып, педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастырудың жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Бұдан бөлек мұғалім болып жұмыс істеуге кірісетін түлектердің дайындық деңгейін анықтайтын арнайы емтихан да жетілдірілуде. Биылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу үшін ең төменгі шекті балл 70-ке дейін көтерілді. Ал болашақ педагогтардың стипендиясы 42 000 теңгеге дейін өсті. "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды.  

"Осының нәтижесінде біз соңғы жылы дарынды жастардың педагог мамандығына деген қызығушылығының айтарлықтай артқанын байқадық. Конкурс нәтижесіне сәйкес, грант 8 506 түлекке тағайындалды. Оқуға түсушілер арасында "Алтын белгі" иегерлерінің қатары да көбейген – 1 565 адам (грантқа ие болғандар жалпы санының шамамен 20%-і), бұл өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда 1,7 есе көп", - дейді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, өз жұмысына немқұрайлы қарайтын мұғалімдер де бар. 

"Ондай мамандардың орнына қызметіне жауапты қарайтын әріптестеріміз келетін болады", - деді ол.

 

5766
Кілт сөздер:
мұғалім, Асхат Аймағамбетов, білім министрлігі
Тақырып бойынша
"Бала ана тілінде тәрбие алуы керек": Аймағамбетов ауқымды өзгеріс болатынын мәлімдеді
"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді
Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты
Аймағамбетов орынбасарлары тергеуге алынды деген ақпаратқа түсініктеме берді   
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Архивтегі фото

Қазақстанның 6 облысында дабылды ескерту жарияланды

1757
Синоптиктер Жамбыл, Алматы, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжады, сондай-ақ бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында алты облыста дабылды ескерту жариялады.  

30 қыркүйекте, 1-2 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетеді деп болжанып отыр. 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

30 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 30 қыркүйекте түнде тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады  

30 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

30 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі.

30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

30 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

1757
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, үсік, ауа райы
Праймериз

700-ге тарта адам Nur Otan праймеризіне қатысудан бас тартты

93
Қазіргі уақытта 11 249 адам партияның праймеризіне қатысуға өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan праймеризіне қатысып жатқан 734 кандидат тіркеуден шығарылды, оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей мәлімдеді.

Оның айтуынша, праймериз өткізу ережелері мен партияның басқа да ішкі нормаларына қайшы келетін әрекет үшін қатаң шара қолданылып, келеңсіздікке жол берген үміткерлер партияішілік іріктеуден шығарылып жатыр.

"29 қыркүйекке дейін 734 үміткер тіркеуден шығарылды. Оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен 64 үміткердің өтініші күшін жойды. Олардың 27-сі дебатқа қатысудан бас тартқан. Төртеуі партия жарғысы мен әділ саяси бәсекенің талаптарына қайшы келетін әрекеттері үшін шығарылса, тағы 33 кандидат бойынша бастауыш партия ұйымдары өтініштерін кері қайтарып алды", – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта 11 249 адам өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді.

Әлденей барлық арыз-шағымға және заң бұзушылықтарға мониторинг жасап, оларға жедел түрде тиісті шара қолданылып жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады 

Nur Otan хатшысы қандай да бір тәртіп бұзу фактісіне куә болған жағдайда "Nur Otan" партиялық бақылау органдарына хабарлауды сұрады. Сондай-ақ, 8 (800) 080 4441 телефонына хабарласып (хабарласу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хат жолдауға болады.

Nur Otan праймеризі

1 қазаннан (00.00) және 3 қазанға (14.00) дейін мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды түрде дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс бере алады.

Праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

Nur Otan праймеризі партия көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет жалпыреспубликалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

93
Тақырып бойынша
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады
Назарбаев: партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс
Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды