Қоғам

Өткен тәулікте қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Тимур БатыршинРаботники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов
Работники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте Маңғыстау, Қызылорда облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өткен тәулікте Маңғыстау, Қызылорда облыстарында вирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмады.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 19,
  • Алматы қаласы – 4,
  • Шымкент қаласы – 1,
  • Ақмола облысы – 4,
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Алматы облысы – 1,
  • Атырау облысы – 6,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 16,
  • Жамбыл облысы – 1,
  • Батыс Қазақстан облысы – 3,
  • Қарағанды облысы – 6,
  • Қостанай облысы – 2,
  • Павлодар облысы – 3,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5,
  • Түркістан облысы – 1.

Пандемия басталғалы елде 106 498 адам індетке шалдықты, оның 100 042-сі сауығып шықты. Өткен тәулікте жазылып шыққандардың саны – 149 адам.

Бұған дейін бір аптада – 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін коронавирус инфекциясынан 46 адам көз жұмғаны хабарланды.  

Жаңалықтар
0