Еспаева Дания

"Ақша қайда?": Мәжіліс депутаты Дания Еспаева білім министріне шүйлікті

8319
(Жаңартылды 18:38 09.09.2020)
Дүниежүзілік банктен алынған қаржы игерілмесе де, шілде айында білім және ғылым министрлігі үкіметтен қосымша 74,2 миллиард теңге сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаты Дания Еспаева есеп комитетін қашықтан білім беруге бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалғанын тексеріп шығуға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жазда білім министрі Аймағамбетов жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жағынан қиындық болмайды деп сендірген. Алайда "Ақжол" фракциясының депутаттары өңірлерді аралап шыққаннан кейін шілде айында министрге тағы үндеу жолдап, жағдайдың түзелмегенін жеткізген", - деді Еспаева мәжілістің жалпы отырысында.

Оқи отырыңыз: Депутаттар қашықтан білім беруді дәстүрлі форматқа ауыстыруды талап етті 

Депутаттың айтуынша, көпбалалы отбасылардың балалары бір смартфонға таласып, сабақ оқып жүр. Ал көптеген елді мекендерде интернет те жоқ.

"Шалғай жатқан елді мекендер былай тұрсын, тамыз айында Қаскелең қаласының ата-аналары интернеттің жоқтығына шағымданған. Олар Алматы қаласынан небәрі 24 шақырым шалғай жерде тұрады. Жаңа оқу жылы басталған бойда әлеуметтік желілерде осы іспетті проблемалар көбейіп кетті. Сонда мемлекеттен бөлінген қаржы қайда кетті?", - деп ашуланды Еспаева.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылдан бері білім беру саласына республикалық бюджеттен шамамен 28 миллиард теңгеге трансферттер бөлінді. Соның ішінде 6 152 мектепке мультимедиялық құрал-жабдықтарды сатып алуға - 12 миллиард теңге, 7 160 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге - 16,5 миллиард теңге, бұдан бөлек, цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін қыруар қаржы жұмсалды.

Дүниежүзілік банк те ақша берген

Депутат Еспаева Дүниежүзілік банктен алынған қарызды да еске алды.  2017 жылы білім және ғылым министрлігінің бастамасымен банктен 67,5 миллион теңге қарызға алынған болатын. Жобаның атауы – "Орта білімді жаңғырту". Ал негізгі мақсаты – қала мен ауыл мектептерінің білім беру деңгейін теңестіру. Осылайша, 5 мың мектепті мультимедиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге шешім қабылданды. Ауыл мектептерінің барлығына компьютерлер мен кеңсе техникасы жеткізіледі деген жоспар болған. Ал, ең бастысы, интернет жылдамдығы баяу мектептерге қосымша сымсыз байланыс құралдарын орнату көзделген.

"Алайда қолда бар мәліметке сәйкес, осы жобаның бірде-бір бағыты бойынша конкурс жарияланған жоқ. Ал компьютерлер мен интернет құралдарын сатып алуға қатысты техникалық тапсырма да әзірленбепті. Соған қарамастан, Қазақстан үш жыл бойы қарызды резервтеу үшін комиссияны төлеп келеді. Ол шамамен 160 мың доллар. Себебі білім және ғылым министрлігі тиісті жұмысты бастаған жоқ", - деді Еспаева.

Депутаттың айтуынша, Дүниежүзілік банктен алынған қаржы игерілмесе де, шілде айында білім және ғылым министрлігі үкіметтен қосымша 74,2 миллиард теңге сұраған. Осы қаржыға мектептерді онлайн сабақтарға қажетті цифрлық технологиялармен қамтамасыз ету жоспарланған.

"Ақжол" фракциясының депуаттары білім және ғылым министріне хат жолдаған. Алайда шілде айынан бері жауап жоқ. Осыған байланысты олар премьер-министр мен есеп комитетінің төрайымына депутаттық сауал жолдап, қашықтан білім беруге бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалғанын тексеріп шығуды сұрады. Дүниежүзілік банктен алынған қаражатты игермеу себебін де анықтау қажеттігін жеткізді.

8319
Кілт сөздер:
білім, мәжіліс депутаты, Асхат Аймағамбетов, Дания Еспаева
Тақырып бойынша
Ақтөбеде онлайн сабақта күтпеген жағдай болды: мұғалімнің басы дауға қалды
Аймағамбетов білім сапасын жақсарту мәселесі туралы айтты
Балалар дәстүрлі білім беру форматына қашан оралады – министрлік жауабы
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы төлеу жүйесі өзгереді
Министр Жамаубаев бюджет ақшасын игермеген мемлекеттік органдарды атады
Архивтегі фото

Қазақстанның 6 облысында дабылды ескерту жарияланды

1837
Синоптиктер Жамбыл, Алматы, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжады, сондай-ақ бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында алты облыста дабылды ескерту жариялады.  

30 қыркүйекте, 1-2 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетеді деп болжанып отыр. 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

30 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 30 қыркүйекте түнде тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады  

30 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

30 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі.

30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

30 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

1837
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, үсік, ауа райы
Праймериз

700-ге тарта адам Nur Otan праймеризіне қатысудан бас тартты

105
Қазіргі уақытта 11 249 адам партияның праймеризіне қатысуға өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan праймеризіне қатысып жатқан 734 кандидат тіркеуден шығарылды, оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей мәлімдеді.

Оның айтуынша, праймериз өткізу ережелері мен партияның басқа да ішкі нормаларына қайшы келетін әрекет үшін қатаң шара қолданылып, келеңсіздікке жол берген үміткерлер партияішілік іріктеуден шығарылып жатыр.

"29 қыркүйекке дейін 734 үміткер тіркеуден шығарылды. Оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен 64 үміткердің өтініші күшін жойды. Олардың 27-сі дебатқа қатысудан бас тартқан. Төртеуі партия жарғысы мен әділ саяси бәсекенің талаптарына қайшы келетін әрекеттері үшін шығарылса, тағы 33 кандидат бойынша бастауыш партия ұйымдары өтініштерін кері қайтарып алды", – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта 11 249 адам өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді.

Әлденей барлық арыз-шағымға және заң бұзушылықтарға мониторинг жасап, оларға жедел түрде тиісті шара қолданылып жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады 

Nur Otan хатшысы қандай да бір тәртіп бұзу фактісіне куә болған жағдайда "Nur Otan" партиялық бақылау органдарына хабарлауды сұрады. Сондай-ақ, 8 (800) 080 4441 телефонына хабарласып (хабарласу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хат жолдауға болады.

Nur Otan праймеризі

1 қазаннан (00.00) және 3 қазанға (14.00) дейін мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды түрде дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс бере алады.

Праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

Nur Otan праймеризі партия көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет жалпыреспубликалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

105
Тақырып бойынша
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады
Назарбаев: партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс
Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды