Қоғам

Денсаулық министрі қашықтан оқыту туралы: бірінші тоқсан осы форматта өтеді

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа оқу жылы басталғалы коронавирус инфекциясының инкубациялық кезеңі, яғни 14 күн де өткен жоқ, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой білім берудің дәстүрлі форматына көшуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде ЖРВИ-ге коронавирус қосылып кетеді деген қауіп бар. Ал 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұмауға қарсы вакцинация жүреді. Осылайша, әлеуметтік осал топтарды және  балаларды тұмаудан қорғай аламыз. Ал, ең бастысы, тұмауға коронавирустың қосылуына жол бермейміз", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы бері коронавирустық инфекцияның инкубациялық кезеңі, яғни 14 күн де өткен жоқ. Оған қоса, ЖРВИ пен тұмау маусымы жақындап келеді. Сол себепті бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға қатысты ұсыныс бар. 

"Біз бірінші тоқсанды осы форматта сақтауды ұсынып отырмыз. Одан кейін ұжымдарда ауруды жұқтыруы көрсеткішіне қарай осы мәселені ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарып, тағы қосымша қарайтын боламыз", - деп атап көрсетті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, негізгі мақсат - коронавирустық инфекцияның екінші толқынына жол бермеу. Қашықтан оқыту шарасы да осы мақсатта қолға алынды. 

"Қазіргі кезде біз жеңілдету шараларын қарастырып жатырмыз. Бірақ бұның бәрі кезең-кезеңімен жасалатын болады", - дейді Цой.

Жаңалықтар
0