Қоғам

Коронавирустың екінші толқыны: денсаулық министрлігі неге алаңдап отыр

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане
Люди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТМД-ға мүше елдерде коронавирусты жұқтыру өсімі 0,5 процент. Бұл Қазақстандағы көрсеткіштен бес есеге артық

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты. Ауруды жұқтыру және одан қайтыс болу көрсеткіші төмендеп келеді. Соған қарамастан, біз көрші елдердің жағдайын және жалпы әлемдегі ахуалды бақылап отырмыз. Еуропада, Италия, Испания мен Германияда, сосын Түркия мен Оңтүстік Кореяда індетті жұқтыру көрсеткішінің күрт өсті", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, бүгінде ТМД-ға мүше елдерде коронавирусты жұқтыру өсімі 0,5 процентті құрап отыр. Ол Қазақстандағы көрсеткіштен бес есеге артық. 

"Осы жағдай біз алаңдатпай қоймайды. Сондықтан Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр. Республика бойынша ауруханаларда 71 126 төсек орын жасақталады деген жоспар бар. Дәл қазір 10 257 төсек орын бар. Ал жүктеме небәрі 15 процент. Бұл – коронавирус пен оған ұқсас пневмониядан емделіп жатқан пациенттер", - деп атап көрсетті Цой. 

Оның сөзіне қарағанда, елімізде 13 модульді инфекциялық аурухана салынады. Емханалардың жанында 3 640 мобильді топ жұмыс істейді. Стационарларға 5 998 жасанды тыныс алу аппараттары жеткізіледі. Сондай-ақ, 21 566 төсек орынның жанында оттегі аппараттары тұрады. 

Ауылдағы медициналық көмек барынша қолжетімді болу үшін 100 жылжымалы медициналық кешен мен 53 ренген аппараты жеткізіледі. Министр дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар екенін жеткізді. Мұның барлығы емханалар мен ауруханаларға таратылды.

Жаңалықтар
0