Қазақстанның білім министрі Асхат Аймағамбетов

Қашықтан оқыту кезінде балалар оқу тапсырмасын ғана орындайды Аймағамбетов

114
(Жаңартылды 19:08 10.09.2020)
Бүгінгі таңда республикада 2,6 миллион оқушы қашықтан, ал 800 мың бала дәстүрлі форматта оқып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қашықтан оқыту кезінде оқушылар тек оқу тапсырмасын орындайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Онлайн баспасөз мәслихатында журналистер министрден балалардың үй тапсырмасы туралы сұрады.

"Бұған дейін сіз де, әріптестеріңіз де қашықтан оқитын балаларға үй тапсырмасын берудің қажеті жоқ деген едіңіз. Десе де, үй тапсырмалары беріліп жатыр. Осыған қатысты түсініктеме берсеңіз", – деді БАҚ өкілі.

"Бала дәстүрлі форматта, яғни мектепке барып оқығанда, сабақ кезінде белгілі бір тапсырмаларды орындайды. Мұғалімдердің сұрағына жауап береді. Жұмыс осылай жүреді. Одан кейін өткен сабақты қайталау үшін үйге қосымша тапсырма беріледі. Міне, бұл осындай формат. Ал қашықтан оқыған кезде, бала онсыз да үйде білім алады. Яғни, оған оқу тапсырмасынан бөлек қосымша үй тапсырмасын беру ақылға қонымсыз. Өйткені оқу тапсырмасын ол бәрібір де үйде орындайды", – деп түсіндірді Аймағамбетов.

Сол себепті, ведомство балаларға оңай болу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеген.

"Енді біз оқу тапсырмасы және үй тапсырмасы деп бөлмейміз. Тек, оқу тапсырмасы ғана бар. Олар қашықтан оқитын оқушыларға бәрібір де үйге беріледі. Сондықтан тапсырмалар біз ұсынған көлемнен аспауы керек", – деді министр.

Айта кетсек, бүгінде республикада 2,6 миллион оқушы қашықтан, ал 800 мың бала дәстүрлі форматта оқып жатыр.

Мектептерде ашылған кезекші сыныптарда 547 мың бала білім алуда.

Оқи отырыңыз: "Бала ана тілінде тәрбие алуы керек": Аймағамбетов ауқымды өзгеріс болатынын мәлімдеді

Қазақстандағы 7 мың мектептің 3 мыңы шалғай ауылдарда орналасқан. Олар да жаңа оқу жылынан бастап штатты режимде жұмыс істеп жатыр.

114
Кілт сөздер:
бала, онлайн режим, білім беру
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (639)
Тақырып бойынша
Қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінгені рас па - Аймағамбетов жауап берді
Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер есеп бермейді – министр
Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады
Аймағамбетов білім сапасын жақсарту мәселесі туралы айтты
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

2
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

2
Кілт сөздер:
журналистика
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

30
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

30
Кілт сөздер:
ет, видео, бала