Архивтегі фото

Экономист баласы бар отбасыларға зейнетақы жинағын алуға рұқсат беруді ұсынды

2503
(Жаңартылды 21:16 10.09.2020)
Зейнетақы жинағын алатын 720 мың адам барлық салымшының 6,3 процентін ғана құрайды, ал баласы бар отбасыларға ақшаны бір рет алуға мүмкіндік берілгенде, салымшылардың 25 проценті қамтылатын еді, дейді Қайырленов

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап 700 мыңнан астам қазақстандыққа зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беріледі. Қазіргі жоспарға сәйкес, белгілі бір сомадан асатын ақшаны нақты үш мақсатқа ғана алуға болады. Олар – баспана, ем-дом және сенімгерлік басқару. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген экономистер зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік алатындардың санатына кімдердің кіргенін және осы бастамаға коронавирустың қалай әсер еткенін айтып берді.

Ақшаны салымшылардың 6,3 проценті ғана алады

Президент өткен жылы жасаған алғашқы жолдауында зейнетақы жинағын пайдалану мәселесін көтерген. Сол кезде мемлекет басшысы жинақтың бір бөлігін баспана сатып алуға немесе білім алуға пайдалану жағын жылдың соңына дейін пысықтауды тапсырған болатын. Үкімет жұмыс тобын құрып, бірнеше ұсынысты қарастырған. Алайда нақты шешім болған жоқ. Осылайша, Тоқаевтың екінші жолдауына да жеттік. Президент осы жолы да зейнетақы жинағын пайдалану жайын қозғады. Ал бірнеше күннен кейін үкімет өз ұсынысын жариялады.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде салық төлеу керек 

Ulagat Consulting Group компаниясының директоры, экономист Марат Қайырленовтың айтуынша, бірінші жолдаудан кейін арнайы комиссия сан алуан ұсынысты қарастырды. Оған біраз уақыт кетті. Ал коронавирус пандемиясы осы жұмысты тездетті. Себебі халықтың табысы төмендеді, экономикалық белсенділік те бәсеңдеп қалды. Енді оны жандардыру қажет. 

"Коронавирустың салдарынан халықтың табысы азайды. Үкімет тарапынан  қолдау шаралары қолға алынды. Енді зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты нақты ұсыныстар әзірленіп отыр. Бірақ дәл осы бастама "халықты қолдау арналған" деген анықтамаға келмейтін сияқты. Себебі зейнетақы жинағын алатын 720 мың адам барлық салымшының тек 6,3 процентін ғана құрайды. Сонда қалған 93,7 проценті одан тыс қалып отыр. Дәл осы адамдар көмекке зәру болып тұр ғой", - дейді Қайырленов.

Маманның ойынша, баласы бар отбасыларға зейнетақы жинағын бір рет алуға мүмкіндік беру керек еді. Осы санатқа 1,5 миллион отбасы кіреді. Қазіргі жағдайда ондай шара үлкен көмек әрі қаржылай қолдау бола алады.

"Сонда салымшылардың 25 проценті қамтылатын еді. Бұл - баласы бар отбасылар үшін жақсы көмек. Соны "халықты қолдауға арналған бастама" деп айтуға болады. Ал қазіргі ұсыныстармен халықтың басым бөлігі "шенеуніктер бізді тағы алдап кетті" деп отыра береді. Себебі есепшоттағы ақшасы алуға жетпейді", - деп атап өтті Қайырленов.   

Инвестициялық табыс көп емес

Соңғы жылдары зейнетақы активтерін басқару мәселесі де ушығып кеткен. Қордың ақшасын Әзербайжанның халықаралық банкіне салғаннан кейін біраз дау-дамай болды. Осыдан кейін "халықтың ақшасын инвестициялық басқару жағы тиімсіз жүргізіледі" деген мәселе көтерілді. Экономист Марат Қайырленов қазірдің өзінде есепшотындағы ақшаның долларға шаққанда көп өспегенін айтып отыр.

"Мысалы, мен өз ақшамды қарадым. Соңғы он жылдың ішінде доллармен есептегенде жинақтың сомасы өзгерген жоқ. Иә, теңгемен өсті. Алайда бұрынғы курспен қалай болды, солай қалды. Сол жағы қынжылтады", - дейді Қайырленов.

Оның ойынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беретін адамдар болса, ол ақшаның басым бөлігі шетел нарықтарына кетеді.

"Ондай адамдар шетелдегі қор нарықтарын таңдайтын сияқты. Сол жақтың құнды қағаздарын алады. Себебі ол жақта нарықтар жақсы дамыған. Демек, ақша шетелге кетеді", - деді Қайырленов.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі ұсыныстар рәсімделсе, 720 мың адам зейнетақы қорынан жалпы 1,4 триллион теңгені ала алады. Экономист Марат Қайырленовтың сөзіне қарағанда, ондай ақша отандық экономикаға қатты серпіліс бере алмайды.

"Мысалы, менде ипотекалық кредит бар. Ақшамды соған саламын немесе құнды қағаздарды сатып аламын", - дейді Қайырленов.  

Халықтың табысын арттыру қажет

GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық та қазіргі ұсыныстар халыққа қатты жақын емес деп отыр. Өйткені 5,3 миллион адамның жинағы 1 миллионға да жетпейді. Демек, олар да ақшаны алмайды. Негізгі себеп – табыстың төмен болуы.

"Егер үкіметтің қазіргі ұсыныстары сол қалпында қалса, онда үкімет халықтың табысын арттыру мәселесін шешуі керек. Онсыз зейнетақы жинағын пайдалану межесіне жету қиынға түседі. Қазір халықтың басым бөлігінде орташа жалақының мөлшері – 100 мың теңгенің маңайында. Ал өңірлерде одан да төмен. Сондықтан халықтың табысын арттыру керек. Табыстың көлемі артса, зейнетақы жинағы көбейеді. Оны алуға мүмкіндік те артады", - дейді Халық.

Маманның айтуынша, зейнетақы жинақтарын пайдалану саласында тағы мәселе бар. Мысалы, он жыл бұрын шекті сома 2,5 миллион теңге болған. Одан артылған ақшаны аннуитеттік сақтандыру қорына аударып, зейнетақы жинағын ертерек алуға мүмкіндік берілген. Артынан ол межені 10 миллионнан жоғары көтеріп қойды.

"Сол сияқты қазіргі шекті уақыт өте келе көтеріп тастамаса екен. Әйтпесе, адамдар тағы қиналады, бос әуреге түседі", - деді Халық.

Оның ойынша, келесі жылдан бастап 720 мың адамның басым бөлігі ақшаны тұрғын үй нарығына салса, баспананың бағасы көтеріліп кетуі мүмкін. Себебі сұраныс күрт артады. Сондықтан зейнетақы жинағын пайдаланудың басқа да жолдарын қарастыру қажет.

2503
Кілт сөздер:
баспана, зейнетақы жинағы
Тақырып бойынша
Министрлік желіде зейнет жасының өзгеретіні туралы тараған ақпаратқа жауап берді
Зейнетақы жинағын пайдалану: кім, қашан және қалай жұмсай алады
"Қол жетпейтін дүние": қазақстандықтардың зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты пікірі
Тұрғын үй бағасы 30%-ке қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы төлеу жүйесі өзгереді
Түнгі клуб

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

144
Бұған дейін 25 жастағы бойжеткенге заң бұзғаны үшін ескерту жасалып, тіпті жауапкершілікке де тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада карантиндік шараларды бірнеше рет бұзғаны үшін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісі бір тәулікке қамауға алынды. Полицейлердің хабарлауынша, тыйым салынғанына қарамастан 30-ға жуық азамат клубта бас қосып, ереже бұзғаны анықталған.

Ал түнгі клубтың әкімшісі бұған дейін де Әкімшілік кодексті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, аталған клубта сауық кеші ұйымдастырылған.

Осы жағдайға байланысты тиісті материалдар жиналып, сотқа жолданған. Сот үкімімен бойжеткен бір тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар, карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, "Алматы" ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен байдың баласы ұсталды

Полиция өкілдері қала тұрғындарына ойын-сауық мекемелерінде коронавирусты жұқтыру қаупі артқанын ескертеді.

144
Кілт сөздер:
қамауға алынды, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қыркүйек соңында карантин күшейе ме – бас санитар дәрігер жауабы
Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді  
Түнгі клуб алдында көлік қағып, комаға түскен әйел көз жұмды
Маңғыстау облысында той өткізген шенеунік жазаланады
Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты
Жас бүркітші Ерсұлтан Жұмағұл

"Қасқыр ұстайтын бүркіт те бар": 14 жасар құсбегі ата кәсібі жайлы айтып берді

225
(Жаңартылды 17:02 27.09.2020)
Әрбір бүркітшінің жыртқыш құсты баптауда өзіндік әдіс-тәсілі бар. Олар ұлттық дәстүрді сақтап қалу үшін құпияларымен бөлісуге дайын

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Он төрт жастағы бүркітші Ерсұлтан Жұмағұл жастығына қарамай, бүркіт баптап, аң аулауды меңгерген. Ол тіпті осы істе шәкірт тәрбиелейді.

Жасөспірім Алматы облысындағы "Қыран" ұлттық аң аулау этномәдени орталығының шеберлік сабақтарына қатысып жүр. Бұл орталық Алматыдан 70 шақырым жерде Төле би ауылының маңында ашылды. Мұнда қазақ қолөнеріне, аң аулауға және дәстүрді үйретеді.

Этнокультный центр национальной охоты открыли в Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы облысында Ұлттық аңшылық этномәдени орталығы ашылды.

Жаңа этноорталықта Ерсұлтан Жұмағұл әкесіне көмектесіп, осы күрделі кәсіпті меңгергісі келетіндерді баулиды. Ол – "Қыран" орталығындағы ең жас бүркітші.

Оның бүркітті қалай үйретуге және құспен қалай тез тіл табысуға болатыны жайлы өз құпия тәсілдері бар. Қазақтар ерте заманнан бері құсты аң аулауға машықтағанымен, бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Отбасылық дәстүр

"Он жасымнан бері аң аулаумен айналысып келемін. Бұл кәсіп біздің отбасыда дәстүр болып қалыптасып кеткен, яғни әкеден балаға беріледі. Менің атамның атасы да бүркітші болған. Бүркітімнің аты – Дауыл. Әдетте ол түлкі, шибөрі, қоян аулайды. Оның ішінде жабайы қоянды алу қиынға соғады, тек мықты бүркіттер ғана ұстай алады. Жүректі бүркіт болса, тіпті қасқыр ұстайды. Кейбірі ұстап тұрып, жібере салады, жүрегі шыдамайды", - дейді Ерсұлтан.

Аң аулау науқаны қыста басталады, ол кезең қыс біткенше жалғасады. Бүркітшінің айтуынша, олар аң аулауға жиі-жиі шығуға тырысады. Себебі, күнделікті бүркіттің тамағын тауып беру де оңай іс емес. Ерсұлтанның үйінде үш бүркіт бар, оның әрқайсысы күн сайын жарты келі ет жейді. Ал аулап алған түлкі бір бүркітке екі апталық азық болады.

Тренеры в центре собираются привлечь как можно больше туристов - таким образом они хотят возродить древние казахские традиции
© Sputnik / Тимур Батыршин
Орталықтағы жаттықтырушылар туристерді көптеп тартуды жоспарлап отыр, осылайша ежелгі қазақ дәстүрлерін жандандырғысы келеді.

Ерсұлтан бүркіттерді асыл және ақылды жаратылыс деп санайды. Аңызға сүйенсек, жыртқыш құстың жемтігі бір кездері бүкіл ауылды асыраған. Сондықтан болар еліміздің көк байрағында еркін және тәуелсіз Қазақстанның нышаны ретінде ұшып бара жатқан бүркіт бейнеленген.

Жас бүркітшінің айтуынша, құс иесінің айтқанын екі етпей орындауы үшін онымен көп уақыт өткізу керек.

"Бірде әкем екеуміз аңға шықтық, әркімнің қолында өз бүркіті болды. Содан алдымыздан елік көріп қалдық. Сонда екі бүркіт бір-біріне емес, бірлесе елікке бас салды", - дейді ол.

Заманауи технологияны қолданады

Аңшылардың тобында тәжірибелі бүркітші бүркітші Руслан Абдулов та бар. Ол бұл кәсіппен 20 жылдан бері айналысып келеді, тіпті жұмысында заманауи технологияны да қолданады.

Беркутчи Руслан Абулов. Он занимается хищными птицами всю свою жизнь. Мечтает найти единомышленницу
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бүркітші Руслан Абылов бұл кәсіппен жиырма жылдан бері айналысып келеді.

Бүркітші аң аулауда философия бар деп санайды. Ол көп жағдайда сұңқар тектес құстарды баптайды.

"Бүркіт – ең ақылды жыртқыш құс. Менің сұңқарларым мен бүркіттерім бірнеше жылдан бері менімен бірге тұрады. Бір-бірімізді сеземіз. Аңшылық – бұл жеке идеология, адамның өзін тәрбиелеуі", - деп атап өтті бүркітші.

Русланның айтуынша, ол үнемі құстарын алып, жазық далаға кетіп, сол жақта шатырда тұрады. Ол қазіргі заманда ерекше хоббиі бар адамға өмірлік серік табудың қиын екенін айтады. Осылай деген бүркітші өзімен бірдей ойлайтын адамды жолықтырғысы келеді.

Руслан жаттығу және аң аулау кезінде аспанда басқа құстардың, әсіресе көгершіндердің болмауын алдын ала бақылау қажет екенін айтты.

"Бүркіт басқа құстың соңынан ұшып кетуі мүмкін. Тіпті, біраз жерге дейін ұшып, шаршап, қайтып келеді. Ең жаманы, саяжайға ұшып барып, тіпті біреуге шабуылдауы да мүмкін. Иттерден зардап шегуі де ғажап емес", - деді Руслан.

Бүркітті босатпас бұрын аңшы оның құйрығына радио таратқышты бекітеді. Сол арқылы иесі құстың орналасқан жерін бақылай алады және оны жоғалтпайды.

Жаттығу жұмыстары бүркіттің басынан жемді айналдырып, құстың дауысын салумен басталады. Жыртқыш құс иесінің дауысына қарай қозғалып, жоғары көтеріледі. Содан кейін жіптің екінші жағына байланған жемтікті алады.

Қас қағым сәтте жыртқыш құс жемтігін алады. Мұндай әдіс күніне бірнеше рет жасалады, ал жаттығулар күн сайын өткізіледі. Жаттығу аяқталған соң бүркітші құсқа сый ретінде балғын ет береді.

Руслан Абылов жыртқыш құстарды баптау кезінде заманауи технологияны – дрондар мен олжаның электронды имитациясын қолданатынын айтты. Бұл бүркіттер мен сұңқарларға жоғары көтерілуді үйренуге және жыртқышқа жылдамырақ тап беруге мүмкіндік береді.

Дәстүрді жаңғырту

1998 жылы құрылған қазақстандық "Қыран" ұлттық аңшылық федерациясының негізін қалаушы Дидар Бөдес жаңа этникалық орталықтың екі мақсаты бар екенін айтады: Қазақстанға шетелдік туристерді тарту және барлық тілек білдірушілерді дәстүрлі аңшылық кәсібіне үйрету.

Мастер по стрельбе из лука показал, как нужно правильно охотиться верхом на лошади
© Sputnik / Тимур Батыршин
Садақ ату шебері ат үстінде қалай дұрыс аң аулау керек екенін көрсетті.

"Қолөнерді, аңшылықты, қазақ тілін үйретіп, ұлттық тағамдармен таныстыратын боламыз. Орталықта аң аулаудың ежелгі түрлерін – ат үстінде садақ атуды және жыртқыш құстармен аң аулауды үйретеміз. Біз құстардың қалай тамақтанатынын, оларды қалай тәрбиелеу керек екенін айтамыз", - деді ол.

Бұл салаға үйрету кешенді түрде өтеді, ол үшін қазір арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Айта кетейік, ұйымдастырушылар үйренуге ниетті әрбір жанға жеке-жеке қызмет көрсетуге бейілді.

Оқи отырыңыз: Көшпенділер ойынында қазақстандық бүркіт дүйім жұртты тәнті етті - видео

Орталық жаттықтырушыларының айтуынша, шетелдік туристер Қазақстанның ежелгі дәстүрлерінің өзіндік ерекшелігіне көбірек көңіл бөліп келеді. Олар киіз үйде тұруға, ұлттық тағамдардың дәмін көріп, жергілікті тұрғындардың мәдени мұрасымен танысуға құмар.

"Қыран" федерациясының президенті Нұрлан Өнербайдың айтуынша, бұл сала басқа өнермен салыстырғанда қарқынды дамып келеді. Соған сай қызығушылық та артқан.

"Біздің алдымызда бұл мұраны ұрпағымызға жеткізу мақсаты тұр. Құндылықтарымызды насихаттауымыз қажет. Нақ осы өнер бізді ерекшелеп тұрады", - деді "Қыран" федерациясының президенті.

Федерация көптеген жылдан бері жыртқыш құстармен аң аулау өнерін жас ұрпаққа көрсетумен айналысып келеді.

225
Кілт сөздер:
қасқыр, бүркітші, бүркіт
Тақырып бойынша
"Бізді де шақырады": Моңғолиядағы қазақ баласы ең басты арманы, бүркітші қызбен таныстығы жайлы
Қазақтың бүркітші қызын Моңғолия президенті марапаттады
Бүркітші қыз Назарбаевқа Алтай қазақтарының аманатын жеткізді
Тұрғындарды дүрліктірді: елдің батысында қасқыр бөлтіріктері үшін кек алды
Этнофестивальде бүркіт 10 жасар қызға шабуыл жасады
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

60
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

60
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды