Медицина қызметкері

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

97
Шығыс Қазақстан облысында 18 адам COVID-19 жұқтырды. Бұл - ел бойынша өткен тәуліктегі ең жоғары өсім. Шымкентте коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 77 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Шығыс Қазақстан облысында 18 адам COVID-19 жұқтырды. Бұл - ел бойынша өткен тәуліктегі ең жоғары өсім. Шымкентте коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 8
  • Алматы қаласы - 9
  • Ақмола облысы - 3
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 4
  • Атырау облысы - 6
  • Шығыс Қазақстан облысы - 18
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 7
  • Қостанай облысы - 2
  • Қызылорда облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 4
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106 661. 

97
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1523)
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Коронавирустың екінші толқыны: денсаулық министрлігі неге алаңдап отыр
Вирустың екінші толқыны: сарапшылар экономика мен теңгенің тағдыры не болатынын айтты
Вице-министр күзде коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтты
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

14
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

14
Кілт сөздер:
ет, видео, бала
Жеңіс күні

Алматы облысында 95 жастағы қария өзінің соғысқа қатысқанын дәлелдей алмай жүр

37
(Жаңартылды 14:54 22.09.2020)
Жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлім мамандары Тоқманбетов туралы толық ақпарат алу үшін Ресейдің қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатына сұрау салған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында 95 жастағы қария әлі күнге соғыс ардагері мәртебесін ала алмай жүр. Фашистерге қарсы соғыс кезінде "резервте болдым" деген Әбдібай Тоқманбетов, артынша жапон соғысына аттанып, елге тек 1948 жылы оралған. Бірақ оған тек тыл ардегері деген мәртебе берілген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ресейдің Гатчин қаласындағы мұрағаттан оның жапон соғысына қатысқанын растайтын құжаты да табылған екен. Алайда, іс содан әріге жылжымай тұр.

Шөбереге ертегідей естілген ата әңгімесі Әбдібай ақсақалдың көңілінде әлі сайрап жатыр. От ортасынан оралғанына жетпіс жылдан асқанмен, жанкешті күндер көрінісі жанарындағы жаспен әлі күнге сырғиды.

"Жапонияға бардым. Сол Жапонияда 7-8 жыл соғысып, аман-есен оралдым ауылға. 42-жылдан 48-ші жылға дейін", – дейді ардагер Әбдібай Тоқманбетов.

Ақсақалдың айтуынша, ол Екінші дүниежүзілік соғыста резервте болып, артынша жапон майданына аттанады. Бірақ елге оралғанда Тоқманбетовке тек тыл ардагері деген мәртебе берілген. Қарияның өзі оны дауламай жүре берген. Тек артындағы ұрпағы, атаның еңбегі еленуі керек деген пікірде. Сөйтіп сұрау салып жүріп, бертінде Ресейдің Гатчин қаласындағы мұрағаттан Әбдібай ақсақалдың соғысқанын растайтын құжат та алдырыпты.

"1943 жылы Владивостокта болады. Содан 1948-жылы әскери қызметін бітіріп бері қайтады. Сонда менің бір түсінбейтін нәрсем, бұл кісі қазір "тыл еңбеккері" дейді. Бұл кісі екі жақта жүре ме", – дейді ақсақалдың ұлы Ерік Тоқманбетов.

Ал Тоқманбетовтің туысы Рыскелді Жақаубаев та осындай пікірді ұстанады.

Масақ ауылындағы ақсақал үйінде "Соғыс ардагері" деген балалары орнатқан тақтайша тұр. 9 мамырда көңілін кірбің басатыны олардың да жанына батады.

Мәселенің мәнісіне қатысты сұрақ қойылғанда Еңбекшіқазақ ауданындағы қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегілер сұхбат беруден бас тартқан.

Бар айтқаны Ресейдің Гатчин қаласындағы мұрағат Тоқманбетов туралы толық ақпарат алу үшін Ресейдің қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатына сұрау салған. Бұл жақ соның жауабын күтіп отыр. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім мамандары жауаты осылайша ауызша қысқа қайырған.

Оқи отырыңыз: Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанның қай өңірі бомбаланды

Демек, Ресейдің орталық мұрағатынан ресми жауап күтуден басқа амал жоқ. Әбдібай ақсақал бұл жауапты селқос, салқын қабылдады. Соғыстың бейнетін көріп, отынан өткенмен, 95 жасына дейін бір тілім жапырақ қағаздың кесірінен тиісті мәртебесін ала алмай келеді. Оның ұрпағы жергілікті мекемеден қайыр болмаса, онда арашаны Қорғаныс министрлігінен сұрамақ.

37
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы ардагері, ардагер
Тақырып бойынша
Ардагер: Бигелдинов пен Қошқарбаев секілді батырларды жастардың білмеуі қынжылтады
"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі
700-ден астам ардагер Нұр-Сұлтан мен Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады
Алматылық ардагер "Қалқан және раушан" сыйлығын алды
Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр