Қоғам

Қазақстанда сегіз мемлекеттік қызметкер сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лауазымды тұлғалар кәсіпкерлерден пара алып келген, олардың арасында мемлекеттік санитарлық инспектор да бар

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте кәсіпкерлерден пара алғаны үшін 8 лауазымды тұлға сотталды.

Олардың арасында мемлекеттік санитарлық инспектор да бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының мемлекеттік санитарлық инспекторы жеке кәсіпкерден жүйелі түрде пара алып отырған. Ол үшін кәсіпкерге базар маңында заңсыз сауда жасауға рұқсат берген. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, әл-Фараби ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен мәдениет басқармасы басшысы орынбасарының да қолына кісен салынды. Олар да кәсіпкерлерді бопсалап келген.

"Кәсіпкерлерге қиянат жасауға болмайды. Әкімшілік кедергіге, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез келген кәсіпкер біздің департаментке шағымдана алады. Біз міндетті түрде шара қолданамыз", - деп сендірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Серікбаев.

Жалпы биыл 20-ға жуық кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді.

Жаңалықтар
0