Қашықтан оқу

Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады

88
(Жаңартылды 11:51 11.09.2020)
Трафиктің он күннің ішінде таусылып қалу жағдайлары бар. Осыған байланысты провайдерлермен бірге тексеріс жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Елорданың білім басқармасы қашықтан білім алу үшін таратылған интернет роутердің трафигі неге тез таусылатынын түсіндірді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, бүгінде роутерлердің интернет трафигіне қатысты мәселе туындап отыр. Ата-аналар бір айға берілген интернеттің не себепті он күннің ішінде таусылып қалатынын сұрайды. Осы орайда бір оқушыға нақты қанша мегабайт берілетінін білгісі келеді.  

"Біз қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында 22 600 роутер сатып алып, оқушылар мен педагогтарға уақытша пайдалануға бердік. Интернет трафигі ай сайын 70 гигабайт. Оған қоса, отандық білім беру ресурстарын тегін пайдалануға болады", - деді Қадырова онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, он күннің ішінде трафиктің таусылып қалу жағдайлары бар. Осыған байланысты провайдерлермен бірге тексеріс жасалды. 

"Тексеріс барысында оқушылардың, ата-аналардың немесе басқа адамдардың интернетті орынсыз пайдаланатыны, оқу процесіне қатысы жоқ сайттарға кіретіні анықталды. Мысалы, Youtube-тан видео көру, түрлі әлеуметтік желілерге кіру, фильмдер қарау және тағы басқасы бар", - деді Қадырова онлайн брифингте.

88
Кілт сөздер:
білім, оқушы, интернет
Тақырып бойынша
Көпбалалы отбасылар қашықтан білім алудың қиындығы туралы айтты - видео
Онлайн оқу платформасына бірнеше жойқын шабуыл жасалды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Ата-аналар қашықтан оқудың машақаты туралы айтып берді - видео
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

4
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

4
Кілт сөздер:
журналистика
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

74
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

74
Кілт сөздер:
ет, видео, бала