COVID-19 вакцинасын кімдерге салуға болмайды иммунолог жауап берді

1975
(Жаңартылды 13:15 11.09.2020)
Ресейде еріктілерге препараттың алғашқы компоненті салынды, 21 күннен кейін оларға екінші инъекция жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік иммунолог дәрігер Владислав Жемчугов қандай аурулар кезінде коронавируқа қарсы вакцина салуға болмайтынын айтты. 

Дәрігер иммунитетті тежейтін препараттарды қабылдайтын адамдарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салған қауіпті деп отыр. Бұл санаттағы аурулар аз емес. Сол себепті вакцина салардың алдында дәрігерден кеңес алған жөн.  

"Мысалы, онкология аурулары бар. Емдеу кезінде иммунитетті тежейтін препараттар беріледі. Сонда бір жағынан вирустан қорғану керек, ал екінші жағынан, керісінше, иммунитетті күшейтпеу керек. Өйткені онкологияны емдеу шаралары жүргізіледі. Сол себепті вакцинация мәселесін өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіз шешуі керек", - деді Жемчугов "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында.

Иммунологтың айтуынша, қабыну мен аутоиммундық аурулары бар, сондай-ақ, қызыл жегі мен қан ауруларына шалдыққан адамдарға вакцина салуға болмайды.

Айта кетейік, Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны зерттеудің үшінші кезеңі аясында вакцинация басталған болатын. Еріктілерге препараттың алғашқы компоненті салынды, 21 күннен кейін оларға екінші инъекция егіледі.

1975
Кілт сөздер:
дәрігер, вакцина, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина пандемиядан екі жыл бұрын жасала бастаған
Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті
Коронавирус пен пневмониядан тағы алты адам қайтыс болды
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

11
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

11
Кілт сөздер:
журналистика
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

104
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

104
Кілт сөздер:
ет, видео, бала
Омбыда Абай мәдени-іскерлік үйі ашылды

Омбыда "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды

0
"Абай" мәдени-іскерлік үйінің ғимараты қаланың орталығындағы Шоқан Уәлиханов көшесінде және ағартушы ғалым оқыған Омбы кадет корпусының жанында орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Ресейдің Омбы қаласында "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Отандастар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Омбыдағы "Абай" мәдени-іскерлік үйінің ғимараты қаланың орталығындағы Шоқан Уәлиханов көшесінде және ағартушы ғалым оқыған Омбы кадет корпусының жанында орналасқан. Орталықтың ашылу рәсімі онлайн форматта өтті. Оған ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Омбыдағы консулдығы, "Отандастар қоры" КЕАҚ, "Омбы қазақтары" қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Орталық нақты төрт бағытта жұмыс істейді. Олар:

  • мәдени-гуманитарлық және қазақ тілін үйрету жобаларын іске асыру;
  • "Атамекен" іскерлік  бағыты бойынша қандастардың екі жақты тиімді бизнес жобаларына қолдау көрсету;
  • "Жас қазақ" бағыты арқылы әлемдегі жас қандастарды елге тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
  • "Атажұрт" бағыты арқылы шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың қауымдастығын құрып, өзара ақпараттық ынтымақтастықты арттыру.

"Жыл соңына дейін  "Абай" мәдени-іскерлік үйлері Өзбекстанның Тәшкент, Түркияның Стамбұл, Қырғызстанның Бішкек, Германияның Берлин қалаларында да ашылады. Бұның барлығы - ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және "Отандастар қорының"  бірлескен жобасы", - делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
Омбы, Абай