Асхат Аймағамбетов

"Алты жасымда әкемнен айырылдым": Аймағамбетов желіде жазба жариялады

5279
(Жаңартылды 18:50 13.09.2020)
Алты жасымда әкем өмірден озды. Менен басқа бес бауырым болды, бар жүк анама түсті. Ол кезде 40 жаста ғана еді, деп жазды министр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің отбасы туралы айтты. Ол алты жасында әкесінен айырылғанын, анасы жалғыз өзі алты баланы өсіргенін жазды.

"Бүгін Отбасы күні. Мереке Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Әдетте жеке өмірім жайлы айтпаймын, алайда бүгін ерекше күн. Мен көпбалалы отбасында туып-өстім, менен басқа бес бауырым болды. Алты жасымда әкем өмірден озды. Бар жүк анама түсті. Ол 40 жаста ғана еді. Өзім осы жасқа келгенде, шын мәнінде, түсіне бастадым", - деп жазды Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.

Министр, 90-шы жылдардың қиын кезең болғанын да еске түсірді.

"Ауылда тұрдық, анам жұмыстан бөлек үй шаруашылығымен айналысатын. Біз бір-бірімізге көмектестік. Құдықтан су тасыдық, шаруашылықпен айналыстық, шөп дайындап, пеш жақтық. Үлкендер кішілерді үйретті, кішілер үлкендерге көмектесті", - деді министр.

Ол қиындықтар біраз сабақ алғанын айтты. Бастысы - жақындардың қадірін білуге үйретті.

"Менің екі балам бар. Жұмыстан үйге келіп, балалар мен жарым қарсы алғанда барлық келеңсіз жайттарды ұмытып кетемін. Балалармен уақыт өткізіп, ойнау керемет әсер береді", - деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Мереке тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылы бекітілді.

5279
Кілт сөздер:
білім министрлігі, желі, Асхат Аймағамбетов
Тақырып бойынша
"Ақша қайда?": Мәжіліс депутаты Дания Еспаева білім министріне шүйлікті
Балалар дәстүрлі білім беру форматына қашан оралады – министрлік жауабы
Дәстүрлі білім беру форматына көшу: министрлік бірнеше ұсыныс жасады
Депутат білім министріне шүйлікті: ведомство жауабы қандай
Білім министрі ата-аналар үшін жақсы жаңалықты бөлісті
сүзбе

Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

1685
Сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сондықтан күніне 200 грамнан артық жемеген жөн, дейді дәрігерлер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Сүзбе күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі және ер адамның қауқарын күшейтеді, деп жазады РИА Новости.

Гастроэнтеролог Алексей Буеверовтың айтуынша, сүзбе нәрлі заттарға, ақуыз бен майларға бай, ал көмірсулар керісінше аз.

"Сонымен қатар зерттеулерге сәйкес, сүзбені жиі жеген кезде көңіл-күй көтеріледі, бұдан бөлек, күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі", - дейді дәрігер.

Ол бұл тағамның құрамында кальций, магний, цинк секілді микроэлементтер көп екенін атап өтті. Бұл тек сүйек тінін нығайтып қана қоймай, ер адамдардың қауқарын күшейтеді.

Дәрігер дүкенге барған уақытта "сүзбе" жазуына мән беруге кеңес берді. "Сүзбеше" және "сүзбе массасы" деген өнімдердің құрамында ароматизаторлар мен өсімдік майы болуы мүмкін.

Маманның айтуынша, сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сондықтан күніне 200 грамнан артық жемеген жөн.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады

"Көп жемеген дұрыс, бірақ майлылығы жоғары – бес немесе тоғыз болғаны абзал. Майсыздандырылған сүт өнімдерінің пайдасынан зияны зор", - деді Буеверов.

Біріншіден, ағзаға қажетті мөлшерде май түспегендіктен, оны өзі жинай бастайды. Екіншіден, майсыздандырылған өнімдер дәмсіз болғандықтан, оның құрамына қант қосады. 

1685
Кілт сөздер:
сүзбе
Тақырып бойынша
Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады
Ғалымдар адамның қай жаста өзін мейлінше бақытсыз сезінетінін анықтады
Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Нұр-Сұлтанда отбасылық мерекеден кейін ешкім күтпеген оқиға болды
шекара бекеті, архив

ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

876
Түрікменстан азаматтары консулдықтың ресми өтінішіне сәйкес елден шығарылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі отанына жасырын оралды" деген ақпарат жарияланды. Мақала авторы шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін жазған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Ақтау қаласындағы Түрікменстан консулдығының ресми өтінішіне сәйкес 22 қыркүйекте "Темір баба" өткізу пунктінде сағат 10.05-тен 12.00-ге дейін Түрікменстанның 42 азаматы елден шығарылды. Олардың ішінде 12 ер адам, 28 әйел және 2 бала бар", - деп нақтылады комитет.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың наурызынан бастап түрікмен тарапы коронавируске байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көліктерді өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқан. Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылған жоқ.

876
Кілт сөздер:
шекара, Түрікменстан
Алматы қаласы

Қазақстанда 27 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

27 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Фатима ханша қамзолы" видео туры (Ұлттық музейдің Instagram-дағы ресми парағында көрсетіледі – @nationalmuseumkz-де).

19.00 – Медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-концерт. Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Almaty Creative YouTube арнасында қазақстандық эстрада әншілері Қайрат Нұртас, KeshYou тобы, "МузАрт", Mad Men өнер көрсетеді.

21.00 – "Қазағым-ай" онлайн-концерті. Шетелдегі отандастарды қолдау мақсатында "Ұлы дала елінен" жобасы аясында ұйымдастырылады.

28 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ұйымдары арасында "Рухани қазына – 2020" III республикалық байқауы. Оған мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауыл клубтары қатысып жатыр. Іс-шара онлайн режимде өтеді. (Қосымша ақпарат үшін телефондар: + 7-702-379-42-02, + 7-702-910-09-59).

11.00 - Ішкі істер министрлігінің онлайн-трансляция форматындағы брифингі. Брифинг тұлғалардың, оның ішінде бұрынғы КСРО паспортымен тұратын азаматтардың мәртебесін реттеу, олардың құжаттарын рәсімдеу, әкімшілік кедергілерді жою және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы болады. Спикерлер: ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов; Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисары басқармасының (БЖКБ) құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Шолпан Олжабаева; Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага.  

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам компания қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шара өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).

11.00 – "Астана-Теплотранзит" АҚ жылу энергиясының тарифін бекітуге қоғамдық тыңдау өткізеді. Тыңдаулар бір уақытта офлайн және онлайн режимінде ұйымдастырылады. Офлайн Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, акт залында, ал онлайн департаменттің ресми парақшасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы өтеді. Қоғамдық тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады. Анықтама үшін телефон: 8(7172)95-18-69.

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер музейі, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

11.00 – "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасының презентациясы.

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

0