Мектеп, карантин

Бас санитар дәрігер: мектептегі оқуды қалпына келтіру жоспары бар

569
(Жаңартылды 13:28 14.09.2020)
Бас санитар дәрігер қашықтан оқыту форматын енгізудің басты себебін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде нақты талаптар болса да, соның бәрін бастауыш сынып оқушыларына орындату оңай емес

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова дәстүрлі білім беру форматын қайтару туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әзірше, мамандар бірінші тоқсанда қашықтан білім беру форматын сақтауға кеңес беріп отыр. Осы уақыттың ішінде олар эпидемиологиялық жағдайды бақылап, кезекші сыныптарда аурудың бар-жоғын зерделейді. Соның негізінде тиісті шешімдер қабылданады. Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстары да ескеріледі. 

"Мәселен, аралас білім беру бар. Ондайда оқушылар алдымен екі күн мектепте, одан кейін екі күн қашықтан оқиды. Сосын мектепті біртіндеп толтыру шаралары бар. Осылайша, эпидемиологиялық жағдайға қарай оқушылар кезең-кезеңмен дәстүрлі оқуға қайтарылады. Біз эпидемиологиялық жағдайды күн сайын қадағалап отырамыз. Дегенмен, мектептегі оқуды қалпына келтіруге қатысты жоспар бар", - деді Есмағамбетова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында. 

Осы орайда бас санитар қашықтан оқыту форматын енгізудің басты себебін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде нақты талаптар болса да, соның бәрін бастауыш сынып оқушыларына орындату оңай емес. Себебі кішкентай балаларды бір жерде ұстау қиын. Олар бетпердені үнемі тағып жүрмейді. Арақашықтық та көп жағдайда сақталмайды. Сол себепті вирусты жұқтыру қаупі жоғары болады. 

"Мектепте адам көп. Ауру жұқтырған бір баламен араласқандардың бәрін карантинге жіберуге тура келеді. Сосын ол бала дәлізге шықты ма, жоқ па, басқа балалармен араласты ма, бұның бәрін анықтау оңай емес. Былайша айтқанда, қауіп жоғары. Біз Еуропадағы жағдайды да қадағалап отырмыз. Мектептер ашылған жерде ауруды жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатыр", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

569
Кілт сөздер:
мектеп, оқушылар, дәрігер
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1538)
Тақырып бойынша
Қыркүйек соңында карантин күшейе ме – бас санитар дәрігер жауабы
Министр Цой: коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз
Білім министрі де бар – желіде тараған суретке қатысты қандай шара қолданылады
Қазақстанда демалыстағы шектеуді алып тастау мәселесі көтерілді
Мәжіліс төрағасына бетпердесіз отыруға бола ма – бас санитардың түсініктемесі
сүзбе

Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

1841
Сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сондықтан күніне 200 грамнан артық жемеген жөн, дейді дәрігерлер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Сүзбе күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі және ер адамның қауқарын күшейтеді, деп жазады РИА Новости.

Гастроэнтеролог Алексей Буеверовтың айтуынша, сүзбе нәрлі заттарға, ақуыз бен майларға бай, ал көмірсулар керісінше аз.

"Сонымен қатар зерттеулерге сәйкес, сүзбені жиі жеген кезде көңіл-күй көтеріледі, бұдан бөлек, күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі", - дейді дәрігер.

Ол бұл тағамның құрамында кальций, магний, цинк секілді микроэлементтер көп екенін атап өтті. Бұл тек сүйек тінін нығайтып қана қоймай, ер адамдардың қауқарын күшейтеді.

Дәрігер дүкенге барған уақытта "сүзбе" жазуына мән беруге кеңес берді. "Сүзбеше" және "сүзбе массасы" деген өнімдердің құрамында ароматизаторлар мен өсімдік майы болуы мүмкін.

Маманның айтуынша, сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сондықтан күніне 200 грамнан артық жемеген жөн.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады

"Көп жемеген дұрыс, бірақ майлылығы жоғары – бес немесе тоғыз болғаны абзал. Майсыздандырылған сүт өнімдерінің пайдасынан зияны зор", - деді Буеверов.

Біріншіден, ағзаға қажетті мөлшерде май түспегендіктен, оны өзі жинай бастайды. Екіншіден, майсыздандырылған өнімдер дәмсіз болғандықтан, оның құрамына қант қосады. 

1841
Кілт сөздер:
сүзбе
Тақырып бойынша
Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады
Ғалымдар адамның қай жаста өзін мейлінше бақытсыз сезінетінін анықтады
Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Нұр-Сұлтанда отбасылық мерекеден кейін ешкім күтпеген оқиға болды
шекара бекеті, архив

ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

921
Түрікменстан азаматтары консулдықтың ресми өтінішіне сәйкес елден шығарылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі отанына жасырын оралды" деген ақпарат жарияланды. Мақала авторы шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін жазған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Ақтау қаласындағы Түрікменстан консулдығының ресми өтінішіне сәйкес 22 қыркүйекте "Темір баба" өткізу пунктінде сағат 10.05-тен 12.00-ге дейін Түрікменстанның 42 азаматы елден шығарылды. Олардың ішінде 12 ер адам, 28 әйел және 2 бала бар", - деп нақтылады комитет.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың наурызынан бастап түрікмен тарапы коронавируске байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көліктерді өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқан. Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылған жоқ.

921
Кілт сөздер:
шекара, Түрікменстан

Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір

0
Ресей дайын вакцинаны шетелге жаппай жібермейді. Оның орнына ресейлік ғалымдар екпені өндіру технологиясын басқа елдермен бөлісуге дайын

Бұл туралы Гамалея атындағы институттың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Алайда мұндай тәсілді ТМД елдерінде қолдану мүмкін емес. Қазір Ресейде тағы екі вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. 2020 жылдың 22 қыркүйегінде Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа препаратты клиникалық зерттеуден өткізуге рұқсат берді. Вакцинаны Ресей ғылым академиясы жасады. Ал "Вектор" ғылыми орталығы әзірлеген вакцинаны сынақтан өткізу аяқталуға жақын.

0