Қоғам

Министрлік Бурабайдағы мектепте болған жағдайды түсіндірді

© Photo : предоставлена Николаем ЭнеланеВ курортной зоне "Боровое" запущена уникальная школа-пансионат для талантливых детей из сельской местности
В курортной зоне Боровое запущена уникальная школа-пансионат для талантливых детей из сельской местности - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін әлеуметтік желіде IQanat мектебінің ашылуында түсірілген суреттер тараған болатын. Далада жүздеген адам топтасып, фотоға түскен. Басым бөлігі бетпердесіз отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі Бурабайдағы мектептің ашылуы кезінде санитарлық ережелерді сақтау мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің баспасөз хатшысы Гауһар Омарбектің айтуынша, бірегей мектеп меценаттардың жеке қаражаты есебінен салынған болатын. Ол жерде ауылдан шыққан дарынды балалар тегін оқиды. Оқушылар олимпиада қорытындысы бойынша қабылданады. Ал ресми ашылу салтанатына дайындық шаралары санитарлық ережеге сай атқарылған. 

"Мектеп әкімшілігі оқушылар мен педагогтер екі рет COVID-19 вирусына тест тапсырғанын, екі апта медицина қызметкерлерінің қарауында, оқшаулануда болғанын хабарлады. Сондай-ақ6 IQanat мектебінің балалары бірінші тоқсанда кезең-кезеңмен ПЦР-тестін тапсырып отырады", - дейді Омарбек.

Мектеп ауылдық жерде орналасқан. Балалар мен мұғалімдер сол жерде тұрып, білім алады. Ол үшін барлық қажетті жағдай жасалған. 

Бүгін Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да осы мәселеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, суреттерді зерделеп жатыр. Заң бойынша шара қолданылады. 

Бетпердесіз сурет

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде IQanat мектебінің ашылуында түсірілген суреттер тараған болатын. Далада жүздеген адам топтасып, суретке түскен. Басым бөлігі бетпердесіз отыр. Ортада білім және ғылым министрі де бар. Бірақ Асхат Аймағамбетов бептерді киіп отырған. Ал оның жанындағы кәсіпкер Айдын Рахымбаев және тағы басқа адамдар бетпердесіз суретке түскен.

Шілденің соңында бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен далада бетперде тағу міндеті енгізілген болатын. Карантиндік режим кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оны бір аптаның ішінде төлесе, екі есеге азаяды. Ал заңды тұлғаларға 230 АЕК (638 940 теңге) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Жаңалықтар
0