ҰБТ тапсырушыларын бақылау үшін ата-аналарға арналған аудитория

Аймағамбетов ҰБТ кезінде жаппай тәртіп бұзған аймақтарды атады

224
Министрдің айтуынша, жаңа ереженің арқасында тыйым салынған заттарды емтиханға алып кіретіндедің саны 70 есеге азайған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлтық бірыңғай тестілеу кезінде қатаң тәртіп орнатудың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл алғаш рет тыйым салынған заттарға қатысты жаңа нормалар басшылыққа алынған болатын. Атап айтқанда, ондай заттармен ұсталғандар ғана емес, оны алып кіруге әрекет еткендер де емтиханға жіберілмеді.

"Бұрын металл іздегіш құралдар арқылы тексеру кезінде телефон табылса, оны алып қалатын едік, бірақ талапкер тестілеуге қатыса беретін. Мұндай ереже кезінде тәртіп бұзушылар саны еліміз бойынша 100-150 мыңнан асатын. Талапкер емтиханда телефонмен ұсталған күннің өзінде оны қолданып үлгергенін де дәлелдеу керек болған. Бұл жағдай ҰБТ-ны өткізу рәсіміне деген сенімсіздікке әкеп соқтырды", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, жаңа ереженің арқасында тыйым салынған заттарды емтиханға алып кіретіндедің саны 70 есеге азайған. 2019 жылы 128 мыңнан астам телефон табылса, 2020 жылы олардың саны 2 500-ге жуық болды. Барлығына қатысты қатаң шара қолданылды.

"Иә, ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, пайыздық мөлшерде шекті балл жинаған талапкерлердің саны едәуір азайды. Бұл – тестілеудің әділ өтуі үшін жасалған қадам", - дейді Аймағамбетов.

Биыл ҰБТ-ны өткізу ережелерін бұзғаны немесе жұмысты нашар ұйымдастырғаны үшін 20-дан астам комиссия мүшелері мен басшылары жазаланды. Күн сайын тест тапсыру пунктерінде комиссиялардың құрамын өзгертіп, міндетіне немқұрайлы қараған мамандарды ауыстыруға немесе жұмыстан шеттетуге тура келді.

Оқи отырыңыз: Білім министрі ҰБТ-ны өзгерту жоспарын бөлісті

"Оған қоса, бірнеше пункте жаппай заңбұзушылықтардың ашық және өрескел түрде орын алуына байланысты тестілеуді мүлдем тоқтатуға және басқа күндерге ауыстыруға мәжбүр болдық. Мұндай жағдай Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында кездесті. Дегенмен, қажетті тәртіпті қамтамасыз ете алдық", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

224
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, білім беру, ҰБТ
Тақырып бойынша
ҰБТ-2020: 138 балл жинаған ауыл баласы тестті қалай тапсырғанын айтты
ҰБТ нәтижесі жойылған талапкерлерге қатысты жағымды жаңалық жарияланды
ҰБТ-2020: министрлік тестілеу қорытындысын жариялады
ҰБТ-да 138 ұпай жинаған ауыл баласына арнайы сыйлық берілетін болды
ҰБТ-да 138 балл жинаған түлек грантынан айырылып қалды
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

8
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

8
Кілт сөздер:
журналистика
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

88
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

88
Кілт сөздер:
ет, видео, бала