Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневСтанция скорой помощи в Нур-Султане
Станция скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирус инфекциясынан 3 916 адам емделуде, оның ішінде 35 бала бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр

АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 16 қыркүйекте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте пневмониядан үш науқас, коронавирустан бес адам қайтыс болды.

"Коронавирус бақылаудан шығып барады": БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады 

"Қазір коронавирус инфекциясынан 3 916 адам ем алып жатыр, оның ішінде 35 бала бар. Стационарларда 2 202 науқас бар, 1 714 адам амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр. 115 науқастың жағдайы ауыр, 18 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 18 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар өткен тәулікте 263 адамға пневмония диагнозы қойылды, 72 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Жаңалықтар
0