Түркістан облысында дүниеге келген үшем

Депутат бес жылдан кейін бала туатын әйелдер санының азаятынын айтты

2936
Қазақстанда 2025 жылдан кейін бала тууға әлеуетті әйелдер саны азаяды. 2035 жылдан кейін халық саны қайта көбейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен Қазақстанның демографиялық дамуы немесе демографиялық қауіпсіздік саясатының 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор ел демографиясына қатысты депутаттық сауалын Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке жолдады.

"Соңғы он жылдықта Қазақстан халқының саны 2 миллион 400 мың адамға немесе 15,1%-ке өсті. Негізінен, ол табиғи өсім инерциясымен және мемлекеттің әлеуметтік саясаты бағытының дұрыстығымен қамтамасыз етілді. Бұл тенденция 2024-2025 жылдарға дейін сақталады. Содан кейін бала тууға әлеуетті әйелдер санының азаюына байланысты кері коэффициент көрсетеді. 2035 жылдан өсім қайта көбейетін болады", – деді Сүлеймен.

БҰҰ халықтың қоныстануы жөніндегі қорының зерттеуіне сүйенсек, қазіргі қалыптасып отырған табиғи өсім сақталған жағдайда, Қазақстан халқы шамамен екі ұрпақ ішінде 23%-ке ұлғаяды.

"Бұл 4 миллион 200 мың қазақстандықты құрайтын айтарлықтай әлеует. Яғни, экономикалық белсенді халық саны 2050 жылға дейін 1,3 есе өсіп, 15,3 миллион адамға жетеді", – деді сенатор.

Алдағы он жылдың болжамы қандай?

Ол Қазақстан халқы өмір жасының құрылымы да қазір трансформацияланып жатқанын айтты. Алдағы отыз жылда бұл үрдіс жалғасады.

"Алдағы он жылда үлкен жастағы адамдардың саны орташа есеппен  4-5 пайызға өседі. Осыған қарамастан орташа алғанда Қазақстан халқы жағынан жас мемлекет болып қала береді", – деді Сүлеймен.

Депутат асыраудағы балалар мен зейнет жасындағы адамдардың үлесі артып келе жатқан елде оларды қамтамасыз етуге бағытталған ресурстар өсіп, ал дамуға бағытталған инвестицияларды еңсеруге тиіс адам ресурсының азаюы экономикалық өсуді тежеуге әкелуі мүмкін деп санайды.

"Оның үстіне, қазіргі уақытта ел экономикасы 90 жылдары туған аз ұрпақтың жұмыс жасына енуіне байланысты жағымсыз демографиялық өзгерістер кезеңінде. Демографиялық өзгерістердің теріс салдарын еңсеруді алдын ала стратегиялық жоспарлау және бұл мақсатқа қол жеткізіп, демографиялық дивиденд алу үшін мемлекет адами капиталға инвестициялардың деңгейі мен оның қайтарымын арттыруға бағытталған сауатты саясат жүргізуі тиіс", – деді сенатор.

Бала тууды шынайы қолдау үшін не істеу керек?

Депутаттың пікірінше, бала тууды шынайы қолдау саясаты нақты және нәтижелі болуы тиіс. Халықтың еңбек нарығына тартылуын нақты ұлғайту және жұмыссыздық деңгейін барынша азайту қажет.

"Біздің ойымызша, ішкі көші-қон ағымдарын реттеу жөніндегі міндет, демографиялық даму, халықтың өсу динамикасын болжау, репродуктивті денсаулық, гендерлік теңдікті күшейту, отбасы мен халықтың әлсіз топтарын қолдаумен байланысты мәселелерді бірыңғай мемлекеттік демографиялық саясат етіп жүйелеу қажет. Осыған байланысты Қазақстанның демографиялық дамуы немесе демографиялық қауіпсіздік саясатының 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу қажет деп есептеймін", – деді халық қалаулысы.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар қандай тамақтың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады

Сүлеймен ұлттық құжатты көзбояушылыққа жол бермей, сапалы демографиялық және әлеуметтік индикаторлар бойынша өңіраралық айырмашылықты ескере отырып әзірлеу орынды болатынын атап өтті.

2936
Кілт сөздер:
халық саны, демография
Тақырып бойынша
Ел ішінде қоныс аударатын бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет қолдау көрсетеді
Президентке әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін қысқарту ұсынылды
"Бала көп, мектеп жоқ". Сағадиев Астанадағы басты проблеманы көтерді
Қабдеш Жұмаділов 83 жаста: шекараны бұзып, Қытайдан 200 мың қазақты бастап келген жазушы
Өткен жылы Қазақстанда қанша бала дүниеге келді
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

3
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

3
Кілт сөздер:
журналистика
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

62
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

62
Кілт сөздер:
ет, видео, бала