Калькулятор

Мемлекеттік кірістер комитеті салық рақымшылығын пайдаланып қалуға шақырды

103
Қазірдің өзінде 56 мың жеке тұлға салық рақымшылығын пайдаланып, 807 миллион теңге негізгі берешекті өтеген

АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды 2020 жылдың аяғына дейін созылатын салық рақымшылығын пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Олжас Отар бұл акция аясында қарыздың негізгі бөлігін төлеген жеке тұлғалар өсімпұлдан босатылатынын хабаралды.

"2019 жылы бір миллион төрт жүз мыңнан астам салық төлеушінің 61%-і өзінің негізгі салығын төлеп, өсімпұлдан құтылды. Қалған 39%-і қалып қойды. Бүгінгі күні 1,2 миллион адамның 13 миллиард теңге берешегі бар. Егер осы сома төленген жағдайда 4,3 миллиард теңге өсімпұл кешіріледі", - деп түсіндірді Олжас Отар.

Айтуынша, қазірдің өзінде 56 мың жеке тұлға салық рақымшылығын пайдаланып, 807 миллион теңге негізгі берешекті өтеген. Сол арқылы 110 миллион теңге өсімпұл кешірілді.

Қазақстандықтар бұл мүмкіндікті 2020 жылдың 31 жетоқсанына дейін пайдалана алады.

Оқи отырыңыз: Парламентте қазақстандықтардың кредитін кешіру мәселесі көтерілді 

Салық рақымшылығын пайдалану үшін мемлекеттік органға барудың қажеті жоқ. Оны банк қосымшалары арқылы төлеуге болады. Өсімпұл үш жұмыс күні ішінде шегеріледі.

Салық бойынша қарыздың бар-жоғын мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы немес E-Salyq мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

"Салық рақымшылығы бұдан кейін қашан берілетіні белгісіз, мүмкіндік бар кезде өсімпұлды кешірткен жөн", - деді Отар.

Айтуынша, берешегі бар 1,2 миллион адамның 70%-і көлік салығын төлемеген. Комитет өкілдері көлік кімнің атына тіркелсе, соның мүлкі болып саналатынын айтып өтті. Көлік сенімхат, келісімшарт арқылы сатылған болса, уәкілетті органға барып, көлікті есептен шығару керек.

Сонымен қатар көліктің басқа адамның басқаруына берілегенін дәлелдейтін құжат болса, E-Salyq мобильді қосымшасы арқылы да есептен шығаруға мүмкіндік бар.

E-Salyq мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеуге болады.

Айта кетейік, қазақстандықтар жер және мүлік салығын 2020 жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс.

Сонымен қатар қазақстандықтар қате есептелген салықтар, меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін "Салық әмияны" қызметінің "Салық салу объектілері" бөлімінде түзете алады.

103
Кілт сөздер:
өсім, салық
Тақырып бойынша
Жер және мүлік салығын төлеу мерзімі қашан аяқталатыны белгілі болды
Экономист баласы бар отбасыларға зейнетақы жинағын алуға рұқсат беруді ұсынды
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы төлеу жүйесі өзгереді
Қазақстандық кәсіпкер салық төлемегені үшін бес жылға түрмеге қамалды
Nur Otan партиясы зейнетақы жинағының бір бөлігіне салық салмауды ұсынды
Қазақстандықтардың салық бойынша 64 млн теңге өсімпұлы кешірілді
Аурухана палатасы, архивтегі сурет

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 26 адам қайтыс болды

21
Өткен аптада коронавирустан қайтыс болған науқастардың ең үлкені – 89 жаста, ал ең жасы – қырық төртте

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір апта ішінде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.

Осы жылдың 21-27 қыркүйегі аралығында Қазақстанда індеттен 26 науқас көз жұмды.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Атырау облысында – 4 адам:

  • 1960, 1956 жылғы ер адамдар,
  • 1976, 1952 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 3 науқас:

  • 1957, 1969, 1958 жылғы әйелдер.

Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам:

  • 1948, 1958 жылғы ер адамдар,
  • 1938, 1956, 1948 жылғы әйелдер.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1:

  • 1949 жылғы ер адам.

Қостанай облысында – 2:

  • 1966, 1969 жылғы ер адамдар.

Маңғыстау облысында – 1:

  • 1965 жылғы әйел.

Қарағанды облысында – 2:

  • 1962 жылғы ер адам,
  • 1946 жылғы әйел.

Жамбыл облысында – 2:

  • 1975, 1972 жылғы әйелдер.

Нұр-Сұлтан қаласында – 2:

  • 1969, 1953 жылғы ер адамдар.

Алматы қаласында – 3:

  • 1966, 1941 жылғы ер адамдар,
  • 1931 жылғы әйел.

Шымкент қаласында – 1:

  • 1948 жылғы әйел.

13 наурыздан бері республикада COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 725 адам қайтыс болды.

21
Кілт сөздер:
науқастар, статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 58 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Бала

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

245
Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.

Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.

245
Кілт сөздер:
балалар, Нұр-Сұлтан
Архивтегі фото

Өзбекстанда тұратын қазақ көмек сұрады

0
Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда қазақ мәдени орталығын салып жатқан азамат Қазақстандағы қандастарынан көмек сұрады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жақсылық Жорықбаев қазақ жастары арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу үшін орталық ғимаратын өз есебінен тұрғызбақшы еді. Алайда қазір құрылыс тұралап қалған көрінеді.

Ташкенттен 40 шақырым жерде орналасқан Шыршық шаһарында 25 мыңдай қазақ түтін түтетіп отыр.  

"Бұл – біздің орталықтың екінші қабаты. Бұл жерде домбыра, би, жайдарман үйірмелерін өткізбекшіміз. Өзіміздің фольклорлық ансамбліміз болады", - дейді Шыршық қаласы қазақ мәдени орталығының төрағасы Жақсылық Жорықбаев.

Бұл жерді Жақсылық Жорықбаев жергілікті қазақ жастары жиі бас сұғатын орынға айналдырмақшы. Оның мақсаты – балаларды бауырмалдыққа һәм қазақылыққа тәрбиелеу. Қандас бауырымыз Өзбекстанда ұлтымыздың ұлыларын жиі ұлықтайды. Мысалы, биыл Абайдың 175 жылдығына арнап ауқымды ісшара өткізген.

"Ата дәстүрді үйретуіміз керек. Осы құрылысты сол үшін қолға алдық. Жастарды бір жерге жинап үйретпесек, түсінбейді. Әркім өз тіршілігін істеп жүр", - дейді орталық басшысы.

"Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді": Өзбекстандағы қазақтардың өмірі

Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған. Ғимаратты былтыр өткен Өзбекстандағы Қазақстан жылы қарсаңында салып бітіруді көздеген еді. Қазір қаржы мәселесі қос бүйірден қысып отыр дейді ол.  

"Мен 120 мың доллардан артық қаржы жұмсадым. Енді 30 мың доллар болса, жұмыс бітеді. Қазақстан халқы жәрдем беріп жатса, Алла разы болады деп ойлаймын", - деп түйіндеді Жақсылық Жорықбаев.

0
Тақырып бойынша
XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер
Өзбекстаннан келген оралман отбасында жантүршігерлік қылмыс жасалды
Қаны сирек кездеседі: қазақ жігіті қытайларға қалай көмектесіп жүр
Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты