Қоғам

Білім министрлігі "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады

© Sputnik / Ксения ВоронинаТрибуна для спикера с логотипом "Болашак"
Трибуна для спикера с логотипом Болашак - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министрдің айтуынша, стипендия иегерлерін іріктеу президенттік жастардың дарындылық қорына іріктеу үлгісі бойынша толықтай автоматтандырылған негізде жүзеге асырылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен шәкіртақы 106 талапкерге тағайындалды. Жақын күндері олар білім алуда бастайды", – деп жазады Дәуленов.

Ол стипендиаттардың оқу үдерісі Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлы түрде бақыланатынын атап өтті.

Стипендия иегерлерінің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Бұдан былай стипендиаттар әр жарты жыл сайын транскриптерді сканерлеп, есеп жазып немесе қандай да бір анықтамалар жіберуге міндетті емес. Барлық деректер блокчейн технологиясына ұқсас жүйе негізінде жинақталады. Жүйедегі кез-келген өзгерістер автоматты түрде тіркеледі. Бұл стипендиаттың мәртебесі мен оның дайындық кезеңдерін рұқсатсыз өзгерту мүмкіндігін жоққа шығарады.

Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, стипендия иегерлерін іріктеу президенттік жастардың дарындылық қорына іріктеу үлгісі бойынша толықтай автоматтандырылған негізде жүзеге асырылды. Оған қоса, конкурстық іріктеу үдерісіндегі үміткердің барлық жолы прокторингтік сүйемелдеумен және әр кезеңнің бейнежазбасымен цифрланған.

"Сонымен қатар біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу үдерісіне деген көзқарасты сапалы түрде өзгерттік. Яғни, пәндік білімді тексерудің қажеті жоқ. Өйткені барлық талапкерлер оларды ЖОО-ға тәуелсіз түсу процесінде көрсетіп үлгерді", – деді Мирас Дәуленов.

Оқи отырыңыз: Үкімет болашақ ұрпақтың "қалтасынан" қанша ақша алатынын айтты

Айта кетейік, білім министрлігі үміткерлердің талдау, сыни тұрғыдан ойлау, фактілерді түсіндіру және таныс емес жағдайларға бейімделу қабілеттерін қалыптастыруды бағалауға баса назар аударған. Дәуленовтің пікірінше, мұндай дағдылар шетелдік жетекші университеттерде білім алу барысында жоғары маңызға ие.

Жаңалықтар
0