Екі турист 2018 жылы ғарышқа аттанады

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуАй
Ай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі адам Айға сапар шегу үшін SpaceX ғарыш компаниясымен келіссөз жүргізуде

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. SpaceX америкалық ғарыш компаниясы 2018 жылы Айды бір айналып шығу үшін екі туристті ғарыш саяхатына жібермекші деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

"Сіздерге қуанышты хабар айтамыз, екі азамат SpaceX компаниясымен келіссөз жүргізіп, келесі жылы Айды бір айналып шығу сапарына аттанбақ. Олар Айға ұшу үшін қомақты соманы алдын ала төлеп қойды", — делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Ғарыш туристтері Флоридадағы Канаверал мүйісінен ұшырылады. 

"Адамдар 45 жылда алғаш рет ғарыш кеңістігіне аттануға мүмкіндік алып отыр, олар Күн жүйесінде бұрынғылардан гөрі жылдам әрі алысқа сапар шегетін болады", — делінген компания хабарламасында. 

Жаңалықтар
0