Байқоңыр қаласы

Астана мен Мәскеу Байқоңыр бойынша отырысты жылдың соңына дейін өткізеді

21
"Байқоңыр" кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысы ағымдағы жылдың аяғына дейін өткізіледі

АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей үкіметінің төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды республика үкіметінің сайты. 

Кездесу барысында ғарыш саласындағы екі жақсы серіктестікті кеңейту мәселесі талқыланды. Нақтырақ айтқанда, "Байқоңыр" кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкімет аралық комиссиясының алдағы уақытта өткізілетін отырысының күн тәртібі қаралды. 

Кешен бойынша Қазақстан-Ресей үкімет аралық комиссиясының алтыншы отырысы ағымдағы жылдың соңына дейін өткізілетін болды. 

Мәскеу мен Астана Байқоңыр ғарыш айлағын 1999 жылдан бері бірігіп қолданып келеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап, ғарыш айлағын Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды. Жыл сайынғы жалға беру құны 115 миллион долларды құрайды.

 

 

21
Премьер-министр Мамин мен Роскосмос басшысы Рогозиннің кездесуі

Нұр-Сұлтанда Мамин мен "Роскосмос" басшысы Рогозин кездесті

55
(Жаңартылды 16:16 21.08.2020)
Тараптар "Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасы мен "Гагарин стартын" жаңғырту және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен үшжақты жобаны талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.

"Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тараптар "Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасы мен "Гагарин стартын" жаңғырту және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен үшжақты жобаға ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады

Кездесуге Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин де қатысты.

55
Кілт сөздер:
"Байқоңыр" ғарыш айлағы, Асқар Мамин
Тақырып бойынша
"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
"Жеңіс зымыраны" халықаралық ғарыш станциясына сәтті қондырылды – видео
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото
"Қазақстан Ғарыш Сапары" мен Қазғарыштың бұрынғы басшылығы тергеуге алынды - видео
"Прогресс МС-15" ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшырылады - тікелей трансляция
Ғарыш айлағы

"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды

63
(Жаңартылды 09:23 02.06.2020)
Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңырдың мерейтойымен құттықтап, даму жоспарын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Союз-2" және "Союз-5" ракеталарын ұшыруға арналған старттық кешендер жаңғыртылады, деп хабарлады Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.

"Ғарыш бағдарламасында мақсатты ақты айқындау маңызды. Гагарин стартын ("Союз-2" ракетасы үшін) қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақында аяқталады", - деді ол.

Роскосмос өкілі "Байтерек" немесе "Назарбаев старты" жобасы маңызды екенін атап өтті. Бұл - "Зенит" ракетасына арналған кешенді қалпына келтіру жұмысы.

Сондай-ақ, "Зениттен" де қуатты "Союз-5" ракетасын жасау жоспарланып отыр. Ол орбитаға 17 тонна жүктеме шығара алады. Оның мақсаты - коммерциялық іске қосу қызметтерін қамту.

"Алдағы жылдары бұл кешендер жұмыс істей бастаған кезде Байқоңыр екі ел байланысын одан әрі нығайта түсетін факторға айналады", - деді Рогозин.

2 маусымда "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толып отыр.

63
Кілт сөздер:
мерейтой, Байқоңыр
Тақырып бойынша
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады
"Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағы құрылады
Байқоңыр айлағынан ғарышқа робот ұшырылады
"Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағы құрылады
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

0
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео