Қытайдың ғарыш станциясы өртеніп кетті

© AP Photo / Fraunhofer Institute FHRҚытайдың "Тяньгун-1" ғарыш станциясы
Қытайдың Тяньгун-1 ғарыш станциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Станция ғарышта алты жыл бойы жұмыс істеп тұрды, 2011-2013 жылдары оған үш экспедиция барған

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Қытайдың "Тяньгун-1" ғарыш станциясы бөлшектерінің басым көпшілігі Жер атмосферасына енген кезде өртеніп кетті.

Арктика - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан мен АҚШ ғарыш саласында ынтымақтасатын болды

"Тяньгун-1" станциясы орбитада 2011 жылдан бері болған, Жер атмосферасына дүйсенбі күні Бейжің уақытымен 8.15-те оралған.

"Станция Жер атмосферасына Тынық мұхитының оңтүстік жағынан енді, "Тяньгун-1" бөлшектерінің басым көпшілігі атмосфераға кірген кезде жанып кетті", — деп жазады РИА Новости ҚХР ғарышқа ұшу бағдарламасының хабарламасына сілтеме жасап.

Станция жұмыс істеп тұрған кезде оған үш экспедиция барған – 2011, 2012 және 2013 жылдары. 2016 жылы станциямен байланыс жоғалып кетті. 


Жаңалықтар
0