Жерге алып аспан денесі жақындап келеді

Жазылу
Ресейдің ғылым академиясы астрономия институтының ғылыми жетекшісі Борис Шутов астероидтан адамдарға еш қауіп жоқ ден сендірді

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Көлемі Лондондағы Биг Бен мұнарасымен бірдей алып астероид Жерге жақындап келеді, деп жазды Daily Express NASA ұйымына сілтеме жасап.

Алматыдағы айдың тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Фото
Айдың тұтылуы: әлемнің әр түпкірінен айшықты суреттер

NASA мәліметіне сүйенсек, SP1 астероидтың ұзындығы – 70-160 метр аралығында (Биг Беннің биіктігі – 96 метр).

Ресейдің ғылым академиясы астрономия институты хабарлағандай, аспан денесі біздің планетамызға еш қауіп төндірмейді.

Ғылыми жетекші Борис Шутовтың сөзіне жүгінсек, астероид Жерге 5,87 миллион километрдей қашықтықта болады. Оның үстіне әуесқой астрономиялық құралдар арқылы аспан денесі көрінбейді екен.

Ай тұтылған соң адам өмірінде қандай өзгерістер болады — астролог жауап берді

Ислам дінінде айдың тұтылуы жайында не айтылады?

Жаңалықтар
0