Жұлдызды аспан

Метеордың құлаған сәті видеоға түсіп қалды

622
(Жаңартылды 22:11 04.11.2018)
Ғарыш тасы аспаннан құлаған кезде айнала жап-жарық болып кетті

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Арканзас штатында спорттық шараға жиналған жұрт метеордың құлаған сәтін видеоға түсіріп алды.

Аспан денесі штат көгінде 2 қараша күні кешкісін жарқ етіп көрінді, деп хабарлайды РИА Новости KARK-TV арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, видеоға түсіп қалған метеор тартылыс күшінің әсерінен Жер атмосферсына енген соң жанып кеткен.

Twitter-дегі видеода түнгі аспан кенеттен жап-жарық болып кеткені анық көрінеді. Ал оқиға куәгері стадионда америкалық футбол матчында болса керек.

​Видеоға түсіп қалған метеор — Таурида метеорлар ағынының бір бөлшегі, бұл құбылыс жыл сайын қыркүйек-желтоқсан айларында қайталанады.

622
Кілт сөздер:
құбылыс, видео, ғарыш, метеорлар, АҚШ
Тақырып бойынша
Жерге алып аспан денесі жақындап келеді
Айдан белгісіз сигналдар жетті: ғалымдар өзге ғаламдықтардың басқыншылығынан қорқып отыр
Жерге адамның бассүйегі пішіндес астероид тақап келеді
Ғалымдар Айдағы "адам бейнесінің" сырын ашты
Загрузка...