Айдың тұтылуы

Айдың тұтылуы адам денсаулығына қалай әсер етеді?

613
(Жаңартылды 19:35 21.01.2019)
Бүгін 2019 жылда алғаш рет айдың тұтылу құбылысы болады

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Айдың тұтылуы адам денсаулығына ешқандай әсер етпейді, мұны зерттеулер дәлелдеген, деп мәлімдеді РИА Новости сауалнама жүргізген мамандар тобы.

Бүгін 2019 жылда бірінші рет ай тұтылады. Жоғары фазасы Астана уақыты бойынша 18.13-те болады.

"Физика, химия және медицина тұрғысынан алғанда айдың тұтылуы адам денсаулығына тікелей әсерін тигізбейді", — деді Владимирский атындағы Мәскеу облыстық клиникалық ғылыми-зерттеу институтының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдары кандидаты Руслан Кошелев.

Ол атап өткендей, АҚШ-та да, Азияда да осы сұрақ бойынша зерттеулер жүргізілген – айдың тұтылуы күндерінің статистикасы травмпункттер мен қабылдау бөлімдерден алыныпты. Зерттеу нәтижесінде әдеттегі күндерден ешқандай өзгеріс байқалмаған, деп түсіндірді Кошелев.

Бірақ сезімтал әрі әр нәрсеге тез берілетін адамдар айдың тұтылуы денсаулығыма әсер етеді деп сенеді, дейді маман. Мұндай адамдар бұл күні көбірек демалып, уақытын үйде өткізіп, жақындарына көңіл бөлгені жөн, қызықты кітап оқуға немесе дене шынықтырумен айналысуға болады.

Психиатр дәрігер, психотерапевт, медицина ғылымдары докторы Лев Пережогиннің сөзіне сүйенсек, егер адам өзі сенсе, айдың тұтылуы психикаға ықпал етуі мүмкін. Алайда адамның психологиялық денсаулығына қандай да бір әсері бар деген тұжырым ғылым жүзінде дәлелденбеген, деп атап өтті маман.

"Айдың тұтылуы дегеніміз не? Бұл бір планетаның көлеңкесі екінші планетаға түсуі, бұл жиі болып тұратын құбылыс. Айдың тұтылуы режимінде тіршілік ететін болсақ, өміріміз мүлдем басқаша болар еді", — деді Пережогин.

613
Кілт сөздер:
психика, дәрігерлер, денсаулық, адам ағзасы, айдың тұтылуы
Тақырып бойынша
2019 жылдағы күн мен айдың тұтылуы
Айдың тұтылуы: әлемнің әр түпкірінен айшықты суреттер
Ислам діні айдың тұтылуы туралы не дейді және бұл уақытта не істеген дұрыс?
Ғарыш айлағы

"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды

61
(Жаңартылды 09:23 02.06.2020)
Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңырдың мерейтойымен құттықтап, даму жоспарын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Союз-2" және "Союз-5" ракеталарын ұшыруға арналған старттық кешендер жаңғыртылады, деп хабарлады Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.

"Ғарыш бағдарламасында мақсатты ақты айқындау маңызды. Гагарин стартын ("Союз-2" ракетасы үшін) қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақында аяқталады", - деді ол.

Роскосмос өкілі "Байтерек" немесе "Назарбаев старты" жобасы маңызды екенін атап өтті. Бұл - "Зенит" ракетасына арналған кешенді қалпына келтіру жұмысы.

Сондай-ақ, "Зениттен" де қуатты "Союз-5" ракетасын жасау жоспарланып отыр. Ол орбитаға 17 тонна жүктеме шығара алады. Оның мақсаты - коммерциялық іске қосу қызметтерін қамту.

"Алдағы жылдары бұл кешендер жұмыс істей бастаған кезде Байқоңыр екі ел байланысын одан әрі нығайта түсетін факторға айналады", - деді Рогозин.

2 маусымда "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толып отыр.

61
Кілт сөздер:
мерейтой, Байқоңыр
Тақырып бойынша
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады
"Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағы құрылады
Байқоңыр айлағынан ғарышқа робот ұшырылады
"Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағы құрылады
Ғарыш айлағы

"Союз МС-15" кемесі Қазақстанға қонды

96
Роскосмос ғарышкері Олег Скрипочка мен NASA астронавтары Эндрю Морган мен Джессика Меир Жерге оралды. Ғарышкерлердегі қарсы алғандардың бәрі медициналық бетпердемен болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. "Союз МС-15" кемесі Қазақстанға қонды. Экипаж құрамында ресейлік Олег Скрипочка мен америкалық  Эндрю Морган мен Джессика Меир болған.

Экипаж станцияда қалған ресейлік ғарышкерлер Анатолий Иванишин және Иван Вагнер, америкалық астронавт Крис Кэссидимен қоштасып, кеме люгін жапты. Астаналық уақыт бойынша сағат 7.53 "Союз" МКС-тен бөлінді. Негізгі парашют ашылып, жерге қонды.

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, карантинге байланысты ғарышкерлерді дәстүрлі қарсы алу рәсімі болмайды.

Медицина қызметкерлері оларды тікұшақта тексереді. Ал бұған дейін оралған ғарышкерлер арнайы шатырға жеткізілетін. 

96
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстан полицейлері сұмдық оқиғаға қатысы бар күдіктіні шекарада тұтқындады

1143
(Жаңартылды 13:14 09.08.2020)
Күдікті ретінде іздестірілген 59 жастағы ер адам Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен өтіп жатқанда сәтінде тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелдің егіс алқабына көмілген мәйіті табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШҚО Полиция департаменті (@eastkazpolice)

Глубокое ауданының тұрғыны төрт күн бұрын таңертең үйінен жұмысына кетіп, қайтып оралмаған. Оның туыстары полицияға хабар берген соң, полицейлер мен еріктілер дереу іздеуге кіріскен болатын. 

"Глубокое ауданының Белоусовка ауылынан жеті шақырым қашықтағы егіс алқабында топыраққа көмілген әйелдің мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды танитын 59 жастағы ер адамды ұстады. Ол Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен кетіп бара жатқанда сәтінде тұтқындалды.

"Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды

1143
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық ғалым мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды
Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды